ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН «БОКС АҢЫЗЫ» СЫЙЛЫҒЫН АЛДЫ

6

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC), Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA), Халықаралық бокс федерациясының (IBF) және Халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин «Бокс аңыздары» сыйлығының «Жыл боксшысы» аталымында жеңімпаз болды, деп хабарлайды ТАСС.

Марапаттау рәсімі Сочидегі Халықаралық бокс форумы аясында өтті.

«Жыл жекпе-жегі» аталымына Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы айқас лайық деп танылды. «Жылдың айла-тәсілі ең мықты боксшысы» аталымы венесуэлалық Хорхе Линареске бұйырды.

«Жыл адамы» аталымын Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) басшыларының бірі Франко Фальчинелли жеңіп алды.

Дереккөз Dodasport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз