ШАҢҒЫНЫ МЕҢГЕРГЕН БАЛАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

29

Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасы бойынша шаңғымен сырғанауды тегін үйреніп жүрген балалар сертификат және медалдармен марапатталды, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бүгін «Звездная поляна» шаңғы тебу аланында кезекті топтар өз дайындықтарын тәмамдады. Олар 1,30 сағаттан үш күн бойы шаңғымен тебу үйреніп,дұрыс таудан түсу, бұрылу, тоқтау секілді техникаларын жіті меңгерді. Қазіргі танда сертификатпен медалдарға ие болған жеткіншектер саны 1200-ден асады. Олар 6-17 жас аралығындағы осы жерге келушілер.

– Қазір біз ақпан, наурыз айларында шаңғы тебетін топқа балаларды жинай бастадық. Барлық келем деушілер маған хабарлассын, — деп ұымдастырушылардың бірі Евгений Плахута өз сөзін бастады. Бізде «Звездная полянада» көбіне 6-10 жастағы балалар қатысады. 3 күн өткізілетін сабақта олар ұмытылмас әсер алып, шаңғымен қалай сырғанауды үйренетін болады. Біз байқағанымыздай осы курстын нәтижесі бойынша қатысушылардың 98% сенімді сырғанайды. Бұл өте жақсы, — деді ол.

Оның айтуынша ата-аналардың қатарында курс біткен соң өз балаларын ақылы түрде дайындалуға жібергісі келетіндер көп. Ол, қатысушыларға осындай курстар ақылы түрде барлық тау шаңғы курорттарында, «Шымбұлақ», «Ақ бұлак», «Звездная поляна»-да бар екендігін айтып, жеке нұсақауышылармен айналысуға болатындығын жеткізеді екен.

— Маған бұл бағдарлама өте қатты ұнады. Таудан сырғанап, бұрылуды жақсы үйреніп алдым. Ұйымдастырушыларға рахмет. Барлығы да өте қызықты әрі тамаша болды. Алдағы уақытта қатысамын деп ойлаймын, — деді қатысшулардың бірі Даная Аманғажиева.   Айта кету керек, бұл сабақтар көктем айына дейін жалғасады. Мектеп оқушылары арасында «Звездная полянада», ал, 10-12 жас аралығындағы қатысушылар «Шымбұлақта», мүмкіндігі шектелуі жандар және даму жүйесі нашар балалар «PIONEER»-де дайындалады. Әр қатысушы, курс соныңда тәжірибеден өтті деген сертификаттар алатын болады.

Үйренем дегендер olymp_sport@mail.ru поштасына немесе мына нөмірлерге хабарласуға болады: 87-43-527-775-8 — Ержан (Шымбұлақ), -57-297-777-817-32-111-707-8 »),Звездная поляна(«Евгений — 90-57-297-700-8 ,90, -777-889-16-369 Анна Васько («Пионер»). Қатысушылардың ата-аналарынан міндетті түрде жазба түрінде рұқсат, балалардың туу туралы куәлгінің көшірмесі, мектебінің нөмірі және өздерінің қатысуы талап етіледі.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Осы бағдарлама аясында әр демалыс сайын Медеу және тегін ашылған мұз айдындарында апта сайын тегін конькимен сырғанау сабақтары жүргізілуде.

 

Дереккөз Dodasport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз