Дэвис кубогы. Ширек финал үшін шайқас

7
medi.inform.kz

Ақпанның 2-і мен 4-і аралығында теннистен Қазақстан мен Швейцария құрамалары дэвис кубогі аясында ойындары өтеді. Соған байланысты Астанада ұлттық теннис орталығында қос құраманың бапкерлері мен ойыншыларының қатысуымен пресс конференция өтті.

Журналистермен кездесуге қонақтардың капитаны келді.

«Швейцария құрамасыны Федерерсіз ойнайды»

– Біз Федерердің Астанаға келмейтінін күні бұрын білдік. Сол себептіде құраманадағы өзге жігіттерге сенім артамын. Әр ойында күресеміз. Жеңіс үшін қолымыздан келгеннің барлығын істейтін боламыз. Ал, Роджерге келер болсақ, ол болашақта  Швейцария құрамасы үшін кортқа шықпайтынын білдірді. Қазақстан құрамасының сапында тәжірибелі ойыншы деп Михаил Кукушкинді атап өтуге болады. Оның рейтингі өзгелерден әлдеқайда жоғары әрі команданы алға сүйрейтін көшбасшы. Дэвис кубогында жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Қарсыластардың сапынан ең қауіпті әрі тәжірибелі ойыншы деп осы Кукушкинді айтуға болады. Қазақстан құрамасынан бірнеше ойыншыларды білемін. Біздің жол бұған дейін де Кукушкин, Недовесовтармен түйіскен. Олар қайратты жігіттер. Және Қазақстан құрамасының Дэвис кубогінде барын салып ойнайды. Тартысқа толы ойын болатынына сенімдімін. Біз өз ойынымызды көрсетуге тырысамыз.

Қазақстан құрамасы пресс-конференцияға толық құраммен келді. Ойыншылардың Астанаға келіп, жергілікті ауа райына бой үйретіп жатқандарына екі апта болды.

″Бізді алдымызды қиын әрі жауапты ойын күтіп тұр. Әлемдік топқа түсу үшін күрестік, көп күш жұмсадық. Әлемдік топтың Қазақстандағы теннистің дамуына себепкер болатынын жақсы түсінеміз. Әрине Федерер мен Вавринка келгенде жанкүйерлер өзінің жиырмасыншы дулығасын ұтып алған жұлдызды көруге ағылар еді. Бірақ, қарсыластардың басты көзірлері құрамада жоқтығы себепті біздің жеңіске жетуіміздің заңдылық деп көрсетуі мүмкін. Алайда қарсыластарды әлсіз деп санауға болмайды.Әлемдік топта әлсіз команда болмайтыны түсінікті. Біз грандтарға қарсы бірнеше рет қағаз жүзінде аутсайдер саналғанымызбен, нәтижесінде жақсы ойын өрнегін көрсеттік. Кейде тіпті жеңіске жетіп жаттық. Алдағы ойында өз алаңымызда ойнайтындықтан фаворит саналуымыз мүмкін, бірақ бұл біздің жеңісімізге кепілдік бермейді. Бұл жерде бәрі болуы мүмкін. Жігіттер ойынның маңызын, жеңіске жетіп жатсақ алдымызда кезекті ширек финал күтіп тұрғанын да түсінеді. Жанкүйерлердің қолдауына сенім артамыз деді құрама капитаны″,- деді команда капитаны Дияс Досқараев.

Естеріңізге сала кетейік Қазақстан-Швейцария арасындағы ойын 2-і мен 4-і  Ақпан аралығында Астанада өтеді. Қазақстан құрамасы соңғы ойынын қeыркүйек айында Аргентинаға қарсы өткізген болатын. Сол ойында жерлестеріміз турнирдің жеңімпаздарын 3-1 есебімен тізе бүктірген еді.

Қазақстан Дэвис кубогі аясында осыған дейін Швейцариямен екі мәрте жолдары түйіскен. 2010 жылы Астанада болған ойында отандастарымыз қарсыластарын 5-0 есебімен ойсырата жеңіп, алғаш рет Әлемдік топқа шыққан болатын. Ал, 2014 жылы Женевада өткен ширек финалда 2-3 есебімен Роджер Федерердің командасы жеңіске жетті.

Айта кететін тағы бір жәйт бұл жолы Швейцарияның белді ойыншылары Роджер Федерер мен Стэн Вавринка Қазақстан құрамасына қарсы ойнамайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз