Футбол әлем жанкүйерлерін біріктіреді

18
taif.ru

Спорттың қай түріне болмасын жанкүйер қолдау көрсетеді. Тіпті қолдау білдіру арқылы әлемнің алғысын алған жанкүйерлер қаншама? Мысалы, Гвардиола сан түрлі клубты жаттықтырса да, «Барселонаның» жанкүйері екенін жиі айтады. Әйгілі Усейн Болт «Манчестер Юнайтед» жанкүйері. Барлығын біріктіретін спортқа деген махаббат. Sportportal.kz сайты сіздерге футболдың шынайы жанкүйерлері жайлы деректер ұсынады.

Wenger out, Trump in

Британ журналисі әрі тележүргізуші Пирс Морган «Арсенал» футбол командасының жанкүйері екендігінен әлем жұртшылығы хабардар. Морган АҚШ президентімен кездесу барысында Трампқа «Арсенал» жейдесін сыйға тартқан. Журналист Дональд Трампқа «Арсенал» клубының бапкері болуын, команда қорғанысын күшейтуін, шабуылдау философиясына көңіл бөлуін өтінген. Бұл жайында Морган туиттер парақшасында жариялаған.

YNWA

Ағылшын премьер-лигасында өнер көрсететін «Ливерпульға» Кент Сольхейм ес білгелі жанкүйер. Қазір Кент 29 жаста, жұбайымен бірге Норвегияда тұрады. 1-қаңтар күні Сольхейм шаңырағында қыз бала дүниеге келді. Әкесі қызына YNWA Sofie деген есім берді. Кенттің сөзіне сүйенсек, Унаның анасы жарының шешіміне қарсы шықпапты.

YNWA (You’ll Never Walk Alone) – «Ливерпульдің» аңызға айналған әнұранының атауы. Қазақ тілінде «Сен ешқашан жалғыз емессің» деген мағына береді.

GGG мен футбол

Геннадий Головкин бокспен  қатар футболды да жақсы көреді. Боксшы мадридтік «Реалдың» жанкүйері. Генаны 2017 жылы өткен Чемпиондар Лигасының финалына Роналдудың өзі арнайы шақырған. GGG мен CRO бір-бірінің инстаграм парақшаларына жазылған.

Good to see you @iamzlatanibrahimovic! Thank you for your support!

A post shared by Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing) on

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Златан Ибрагимович пен «Эвертон» ойыншысы Уэйн Руни Лондонда өткен бокс кешіне Головкинді қолдауға келген. 2016 жылдың 11-наурызында Лондонда Головкин мен Келл Брук жекпе-жек өткізді. Дәл сол күні «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Манчестер Ситиді» қабылдады.

Жүрегі жұмсақ Жозе

Жозе Моуринью уақытының тығыздығына қарамастан «МЮ» жанкүйерлерін естен шығармайды. Фред клуб тарихын терең танитын жанкүйерлердің санатында. 94 жастағы жанкүйер «МЮ-дің» Мюнхен трагедиясын да бастан кешірген. «Қызыл сойқандардың» жанкүйері Фред  жүрек талмасы ұстап ауруханаға түскен.   «Манчестер Юнайтед» бапкері қарттың көңілін аулау үшін Фредке хат жазады.

2

«Қымбатты Фред,

Бізге сенің «Манчестер Юнайтедке» ұзақ жылдардан бері жанкүйер екеніңді айтты. Мен сіздің клубқа деген адалдығыңызға құрметім ретінде хат жазып отырмын. Жанкүйерлердің қолдауы бізге дем береді. Сіздің басыңызға түскен қиындықтардан хабардармын. Бұл хат сізге аз да болса демеу болатынына күмәнім жоқ. Ойыншылар, клуб қызметкерлері және мен сіз туралы ойлайтынымызды біліп жүріңіз. Ізгі ниетпен Жозе Моуринью».

Қарапайым көрінгенімен әр жанкүйердің жүрек түкпірінде клубқа деген, спортқа деген адалдық жатыр. Жылдар өтеді, ойыншы кетеді, тактика өзгереді. Ал жанкүйер әрдайым клубпен бірге қалады. Жанкүйері үшін жанын салатын клубтар футбол әлемінде жоғары бағаланады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз