Қош бол, Бородюк

21
Р-Спорт - РИА Новости

Соңғы бір жыл көлемінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын баптаған Александр Бородюк қызметінен кетті. Бұл ақпарат Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтында жарияланған болатын. Аталмыш мәлімдемеден соң футбол жанкүйерлерінің арасында қызу пікір-талас орын алды. Кейбірі бұл шешімді орынды деп санаса, екінші жақ аяқдопшыларымыздың  деңгейі төмендігін алға тартып, ресейлік маманды қолдайтындықтарын білдірді. Осы ретте, қалың көрермен арасында талқыға түскен мәселені sportportal.kz сайтының тілшісі зерделеп көрген болатын.

Қысқаша анықтама:

Аты-жөні: Александр Генрихұлы Бородюк

Туған күні: 30.11.1962 жыл

Туған жері: Ресей, Воронеж

Позициясы: шабуылшы

Ойыншы ретіндегі мансабы: 469 матч, 130 гол (клубтық деңгейде), 21 матч, 6 гол (ұлттық құрама)

Жетістігі: олимпиада чемпионы (Оңтүстік Корея, Сеул, 1988 жыл).

Бородюктің кету себебі

Өткен жылдың басында бас бапкер Талғат Байсуфиновты алмастырған Александр Бородюк 11 айдан соң өз орнын босатты. Осы уақыт ішінде 7 кездесу өткізіп, 6 матчта жеңіліс тауып, тек 1 ойында ғана қарсыласымен тең тарқасқан. Осындай мардымсыз нәтиже көрсеткені үшін ресейлік маман бар кінәні өз мойнына алған болатын. Жыл басында өткен бапкерлер кеңесінің отырысында Бородюк мырзаның мәселесі көтеріліп, екі жақтық келісім бойынша қызметінен кетті.

Бапкерлер Азаматтығы Ойын саны Жеңіс Тең ойын Жеңіліс
Б.Байсейітов Қазақстан 7 4 3 0
Б.Баймұхамедов Қазақстан 4 1 2 1
С.Бердалин Қазақстан 20 6 4 10
С.Гороховодацкий Қазақстан 5 1 2 2
В.Талгаев Қазақстан 9 5 0 4
В.Фомичев Қазақстан 1 0 0 1
В.Масудов Қазақстан 9 4 4 1
Л.Пахомов Ресей 9 0 2 7
С.Тимофеев Қазақстан 13 0 1 12
А.Пайперс Нидерланд 36 7 11 18
Б.Шторк Германия 14 3 0 11
М.Беранек Чехия 25 5 6 13
Ю.Красножан Ресей 17 3 6 8
Т.Байсуфинов Қазақстан 8 2 3 3
А.Бородюк Ресей 7 0 1 6

 

Жоғарыдағы кестеге назар аударсаңыз футболдан ұлттық құрама бапкерлерінің нәтижесін байқауға болады. Бапкерлік тізгінді ұзақ ұстаған Пайперс 36 ойын өткізген. Ұлттық құрама бапкерлері тарихында ең көп жеңіс те Пайперс еншісінде. Тең ойын мен жеңіліс жағынанда нидерландылық бапкер көш басында. Ал құрама тізгінінде бір де бір рет жеңілмеген – Байсейітов. Білікті бапкер 7 ойында 4 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте тең ойнаған.

Ұлттық құраманы соңғы 2 жылда жаттықтырған бапкерлердің көрсеткішін салыстырып көрейік. Байсуфинов тұсында құрама 8 ойын өткізіп, 2 матчта жеңіске жетіп, 3 ойында тең ойнаса, 3 матчта жеңілді. Бородюктің кезінде 7 ойында 1 рет тең ойнаса, 6 матчта жеңілді. Байсуфинов бапкерлігімен құрама ФИФА рейтингісінде 98-орында тұрса, Бородюк келгелі 137-орында тұр. Қазақстан футбол құрамасы ФИФА рейтингісі тарихындағы ең жоғары нәтижесі 98-орын (2001, 2016), төменгі көрсеткіші 163-орын (1995 ж).

Футболдан ұлттық құрама тізгінін кім ұстайтыны әлі белгісіз. Десе де, жинақы ойын көрсетіп,  қорғанысты күшейте алатын бапкер күтеміз.

Авторы: Ильяс Сәрсенбай

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз