Лондоннан Манчестерге . Санчес Ван Персидың жолын жалғастырады ма

14
www.manutd.com

Санчес  «Арсеналдан» «Манчестер Юнайтедке» ауысып отырған  біріншісі емес. Канонирлердің, басты шабуылшысы болған Ван Персидың мансабы, Лондоннан кеткен соң қалай болды. Бірге талқылайық.

sports.ru

Сегіз маусым «Арсеналдың»  футболшысы болған Робин Ван Перси.

Daily Mail

2012/13 жылғы маусымда клубтың капитаны бола тұра «Манчестер Юнайтед» сапына ауысты. «Арсеналдың»  лидері болған Ван Перси алғашқы жылды сәтті бастады. Алекс Фергюсоннің негізгі шабуылшысы болып, бірінші маусымда Англияның чемпионы атанды.

sportskeeda.com
Ван Перси “Арсеналға” гол соғып, қуанып жатқан сәт

Ағылшын премьер лигасында 86 кездесу өткізіп, «Арсенал» қақпасына жалпы есепте төрт  соққан болатын. Лондондық клубтың жанкүйерлері Ван Персиды канонирлерге пенальти тепкені үшін де, гол соққан да қуанғаны үшін де, наразы болғанын білдірген еді. Себебі, бұрыңғы клубына көрсеткен құрметсіздігі деп таныды.

Алғашқы маусымда: 38 ойын, 26 гол, 9 нәтижелі пас

standard.co.uk

Ван Персидың ең нәтижелі үздік маусымы «Арсеналдан» кеткеннен кейінгі жыл болды. Одан кейін оның статистикасы төмендей бастады.

2013/14: 21 ойын, 12 гол, 3 нәтижелі пас

2014/15: 27 ойын, 10 гол, 2 голдық пас

2013/14 жылғы маусымды «Манчестерден» Алекс Фергюсон кетті. Оның орнына «Эвертоннан» Давид Мойес келді. Бірақ, «Манчестер Юнайтед» чемпиондық атақты сақтай алмай, маусымды жетінші орынмен аяқтады.

Англиядағы соңғы маусымында тағы да «Манчестердің» бапкері ауысты. 2014 жылы Голландияға әлем чемпионатында үшінші орынды алып берген Луи Вангал келді. Бірақ, соңғы маусымда 10 гол ғана соғып, бапкер сенімінен айырылды.

2015 жылдың жазғы трансфер маусымында «Фенербахче» клубына ауысты.

 

dailystar.co.uk

Үш маусымға созылған  «Манчестердегі» мансабы осылай аяқталды. Ал осы қысқы трансфер маусымында Голландияға «Фейеноорд» клубына қайта оралды.

Алексис Санчес 29-да. Робин Ван Перси де «Арсеналдан» кеткенде сол жаста болатын. Чилидың шабуылшысы мансабын одан әрі жарқырта түседі ме, қалған жарты маусымда көреміз. Жозе Моуринью Санчестің әлемдегі ең үздік шабуылшылардың бірі екенін де атап өтті. Бапкер сенімі де, Санческе маңызды рөл атқарады. Санчес “Арсеналда” 166 ойында 80 гол соғып, шабуылдың көшбасшысы болды. Алексис жаңа клубта одан әрі нәтижелі ойын көрсетуі тиіс.

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз