Ресейде ойнаған қазақстандық футболшылар

13

«Уфа» клубына ауысқан Еркебұлан Сейдахмет Ресейге ауысып жатқандардың біріншісі емес. Осыған дейін көрші елде бақтарын сынаған қазақстандық футболшыларды еске түсірейік.

Бауыржан Исламхан

vesti.kz

«Тараз» клубында көп үміт күттірген Бауыржан Исламхан 50 кездесу өткізді. Екі маусымда 6 гол соққан жас талантты футболшы Ресейдің «Кубань» клубына 2012 жылы ауысқан болатын. Сол кездегі 20 жасар Исламхан, «Кубань» клубының негізгі құрамдағы ойыншысы болып, Еуропаның үздік клубтарында ойнауға барын салатындығын айтқан болатын.

Бауыржанның өкінішіне орай Ресейлік клубта мансабы ойдағыдай болмады. «Кубаньда» тек жастар құрамасында бес кездесу өткізді. Ресей премьер лигасын қосалқы құрамда тамашалаумен шектелді.

2013 жылы жазғы трансфер маусымында «Астанаға»  жалға беріліп, Ресеймен қоштасқан болатын.

Самат Смақов

Fk-rostselmash.ru

1999 жылы 21 жасында павлодарлық «Ертіс» клубында негізгі құрамда ойнады. Сол маусымда ел чемпионатында жеңген болатын. Жас қорғаушы 2000 жылы «Ростсельмаш» клубына ауысты. Қазір «Ростов» аталатын клубта екі маусымда 39 кездесу өткізді. 2002 жылы астаналық «Жеңіс» клубына аусып, Ресейдегі мансабы аяқталды.

«Қайрат» және «Ростов» 2014 жылы ақпанда  жолдастық кездесу өткізді.  Самат Смақов бұрын ойнаған клубына қарсы алаңға шықты. «Ростов» клубына берген сұхбатында, Ресейлік клубтың мәңгі есінде қалатынын айтқан болатын.

Георгий Жуков

Livesport

Георгий Жуков 2016 жылы жазда Ресейдің «Урал» клубына келген болатын. Голландиядан келген Жуков, Екатеринбургте жарты маусымда 5 ойында ғана алаңға шығып, нәтижелі ойын көрсетпеді. Сол жылдың желтоқсан айында «Қайрат» клубына ауысқан болатын.

Стас Покатилов

fc-rostov.ru

Еліміздің қақпашысы Курбан Бердыев баптайтын «Ростов» клубына 2016 жылы ақпанда «Ақтөбеден» ауысқан болатын. Ресей премьер лигасында 12 ойында қосалқы құрамда отырды. Негізгі құрамда «Ростовтың» жастар құрамасында үш кездесуде ғана шыққан болатын.

“Ростовтың” негізгі қақпашысы бола алмаған Покатилов, 2016 жылы жазда  «Қайрат» клубына ауысты.

Сергей Тимофеев

sports.kz

Қазіргі «Алтай» клубының бас бапкері Сергей Тимофеев 1992 және 1998 жылдар аралығында Ресейде өнер көрсетті. 1995 жылы «Алания» Тимофеевтің қорғаныстағы мықты ойынының арқасында чемпион атанған болатын.  2002 жылы Павлодарға оралып, мансабын «Екібастұз» клубында аяқтады.

«Динамо», 1992-94, 43ойын, 3 гол
«Алания», 1995-97, 67 ойын
, 3 гол
«Локомотив НН», 1998, 32
ойын, 6 гол

 

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз