ҚЫТАЙЛЫҚ ҚАНДАСЫМЫЗ ЕКІ ЧЕМПИОНДЫҚ АТАҚҚА ИЕ БОЛДЫ

12

Қытайда тұратын 23 жастағы кәсіпқой қазақ боксшы Бейсенбі Нәсиоллаұлы (13-1-1, 6КО) кезекті жекпе-жегін қаңтар айының 20 жұлдызында Қытай елінің ең ірі қалаларының бірі Шэньчжэньде өткізді. Оның қарсыласы 24 жасар индонезиялық Джон «Yohanes Ruba» Руба (15-4-1, 8КО).

Бірінші жартылай орта салмақта он раундтық жекпе-жек, сегізінші раунда техникалық нокаутпен қазақ боксшысының пайдасына жазылды. Бейсенбі бұл кездесуде екі бірдей WBA Asia және WBC ABCO Continental белдіктерін иеленді.

Қытайлық жанкүйерлер Головкиннің ізбасарына балап «OneG» атап кеткен Бейсенбі Қазақстандық танымал боксшы Қанат Исламның Қытайдағы жерлесі. Қанаттың алғашқы ұстазы Мұрат Бошайұлынан тәлім алған Бейсенбі кәсіби рингте жалпы 15 кездесу өткізіп, 13 айқаста жеңіске жеткен (6 нокаут) және біреуінде тең түсіп, Жапония елінде өткен кездесуінде жеңіп тұрған жерінен төрешілер аяқтан шалып, жапон боксшысына жеңісті береді.

Дереккөз Dodasport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз