Сейдахметтің ауысқан клубы жайлы сіз не білесіз

29

Еркебұлан Сейдахмет Ресейдің «Уфа» клубында мансабын жалғастырады. Еркебұлан әлі 18-ге толмағасын келісім шартқа отырмады. 18 жасқа толмаған жас футболшының ауысқан клубы жайлы сөз қозғайық.

 «Уфаның» тарихына қысқаша шолу

«Уфа» футбол клубы 2009 жылы құрылған. Ең алғашқы жылы клубтың аты «Уфа» емес «Башинформсвязь-Динамо» болған.

Ресейдің екінші дивизионына 2012/13 жылы бірінші рет шыққан. Алғашқы маусымда-ақ алтыншы орынды иеленді.

Жоғарғы лигаға  2014/15  жылғы маусымда  алғаш рет шықты. Ресей премьер лигасының 2014/15 және 2015/16 жылғы маусымында 12-ші орында екі жыл қатарынан тұрақтады.

2016/17 жылғы маусымда болса, клуб тарихында алғаш рет жетінші орында жайғасты.

Қаржы мөлшері

“Уфаның” бас директоры Шамиль Газизов iz.ru сайтына берген сұхбатында 2017/18 жылғы маусымда  клубтың бюджеті 1 миллиард рубль болатындығын айтып өткен. Ол деген 17,6 миллион доллар.

Зинченко және Андрей Лунев

360nobs.com

Александр Зинченко.

Украинаның жартылай қорғаушысы “Уфаның” қатарына 2015 жылдың ақпан айында қосылды. Ресейлік клубқа тегін келген футболшының трансфер құны сол кезде 650 мың еуро болған. Бір маусымнан кейін «Манчестер Сити» клубына екі миллион еуроға сатылды. Бұл «Уфа» клубы үшін қомақты қаржы болды.

news.sportbox.ru

Андрей Лунев.

2015 жылы жазда «Уфа» клубына «Сатурн» клубынан ауысты. Бірінші маусымда «Уфаның» жастар құрамасында өткізді.  Ресей премьер лигасында 2016 жылдың 11 қыркүйегінде алғашқы кездесуін өткізді. Қысқы трансфер маусымында «Зенитке» ауысты. Бұл клубтың негізгі қақпашысы болған Лодыгинды орнынан тайдырды. 2016 жылдың 19 наурызынан бастап, “Зениттің” негізгі қақпашысы осы Лунев.

Бас бапкер

Сергей Семак. Тәжірибелі футболшы болған Семакты Ресейдегі барлық футболға қатысы бар жандар таниды. Себебі, «ЦСКА», «Зенит», «Рубин», тіпті «ПСЖ»  клубында да өзінің ізін қалдырған еді.

sports.ru

Бапкерлік мансабын «Зенитте» 2013 жылы бастаған. Бірақ бас бапкер емес, Лучано Спалеттидің көмекшісі ретінде ғана.

2014 жылдың 11 наурызында Семак «Зениттің» бас бапкер міндетін атқарушы болды. Себебі, Лучано Спалеттимен «Зенит» келісім шартты бұзған болатын.

Екі ойында уақытша бас бапкер болған Сергей Семак, УЕФА чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Боруссияға» қарсы бір жеңіс (2:1) және Ресей премьер лигасында «ЦСКА» футболшыларына қарсы бір жеңіліс(0:1) тапты.

Жарты жылда Ресейдің бас бапкерінің және «Зенитте» Андре Виллаш Боаштың көмекшісі болды.

www.sport-express.ru

2016 жылдың 30 желтоқсанынан бастап «Уфа» клубының бас бапкері. “Уфа” дәл қазір Ресей премьер лигасында алтыншы орында келе жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз