ТЕГІН МҰЗ АЙДЫНДАРЫ НҰСҚАУШЫЛАРМЕН

8

Қаңтардын 20-ы  мен 21-і күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары жалғасады, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Тәжірибелі нұсқаушылар сенбі күні сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін Жібек жолы – Абылай хан көшесінде және  ҚР Тұңғыш Президенті саябағындағы тегін мұз алаңдарында үйрету сабақтарын жүргізеді. Ал, жексенбі күні сол уақытта «Март» сауда орталығының жанында және «Дубок» ықшам ауданындағы Центральная 8г көшесінде орналасқан тегін мұз айдындарының келушілерін тегін коньки тебуді үйретеді.

Сонымен қатар, мұз айдынның қонақтары көптеген қызықты ойындарға қатысып, бағалы сыйлықтарға ие болады.

Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады. Бұл науқан «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында 2017 жылдың  ақпанның 25-інен бастау алып, әр демалыс сайын өткізіліп келеді.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.

Дереккөз Dodasport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз