АЛМАТЫДА ТАУ ШАҢҒЫ ТЕБУДІ ТЕГІН ҮЙРЕТЕ БАСТАДЫ

21

 

Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында қала әкімдігінің қолдауымен 1-11-ші сынып оқушыларын шаңғы тебумен тегін үйрту сабақтары басталды, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Оқыту сабағының уақыты күніне 1 сағаттан, бес күн бойы «PIONEER» (біріңші ауысым 10:00-де және екінші ауысым 16:00-де), «Шымбұлақ» (10:00 және 16:00) және «Звездная поляна» (09:30-дан 17:30-ға дейін) шаңғы мекендерінде өткізілетін болады. Керек жабдықтар қосымша тегін беріледі.

— Біз балаларды топ бойынша (10-15 адам) үйретеміз. Қысқа мерзім ішінде оларға дүрыс тоқтау, жылдамдық алып төмен түсу, бұрылу техникасын үйретеміз. Соның барлығын адам 5 күн ішінде меңгеріп алады, әрине, ол адамның өз ниетіне байланысты. Бірінші күн олар үшін ең қиыны болып саналады, содан соң, тез үйреніп кетеді, – деді «Звездная поляна» нұсқаушыларының бірі Владимир Плахута.

Бұл сабақтар көктем айына дейін жалғасады. Мектеп оқушылары арасында «Звездная полянада», ал, 10-12 жас аралығындағы қатысушылар «Шымбұлақта» дайындалуда. «PIONEER» отбасылық тау курортында 4-20 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бөлек сабақтар өткізілуде.

Бүгінгі өткен сабақтың алғашқы күнінде келушілердің саны аз болмады. Балалармен олардың ата-аналары қуанышты қөңіл күйлерін жасырмай, өз ойлармен бөлісті.

— Мен тау шаңғымен бірінші рет сырғанадым. Бәрі өте керемет болды. Жылдам сырғанап түсуді үйрендім, бірақ, әлі дүрыс тоқатай алмадым. Алдағы күндері бәрін үйренетіндіне сенімдімін. Ұйымдастырушыларға рахмет, — деп қатысушылардың бірі Евдокия Солдаткина өз ойымен бөлісті.

Сонымен қатар, ата-аналар да өз ризашылықтарын білдіріп, осы бағдарламаның тиімділігін айтып берді:

— Бұл деген өте жақсы бастама, себебі осы курстар арқылы балалар осы спорт оларға ұнай ма жоқ па екенін аңықтамақ. Біз өзімзді сынап көрейік деп балаларымды алып келдім, енді қалай болатының алдағы уақытта көре жатармыз. Оларда қатты барғысы келді, — деді Юлия Белобородова.

Қатысушылардың ата-аналарынан міндетті түрде жазба түрінде рұқсат, балалардың туу туралы куәлгінің көшірмесі, мектебінің нөмірі және өздерінің қатысуы талап етіледі.

Үйренем дегендер olymp_sport@mail.ru поштасына немесе мына нөмірлерге хабарласуға болады: ‪8-775-527-43-87 — Ержан (Шымбұлақ), ‪8-777-297-57-90, 8-700-297-57-90 — Евгений («Звездная поляна»), 8-707-111-32-17, ‪8-777-369-16-89 Анна Васько («Пионер»).

Әр қатысушы, курс соныңда тәжірибеден өтті деген сертификаттар алатын болады.

Айта кету керек, «Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Осы бағдарлама аясында әр жексенбі сайын Медеу және тегін ашылған мұз айдындарында апта сайын тегін конькимен сырғанау сабақтары жүргізілуде.

 

Дереккөз Dodasport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз