ШАНА СПОРТЫНАН ОЛИМПИАДАҒА БІР ЖОЛДАМА

11

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына бүгін тағы бір спортшымыз жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол шана спортынан Қазақстан құрамасының мүшесі Никита Копыренко. Шана спортынан Оңтүстік Кореяда 12 медаль сарапқа салынады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстан спортшылары спорттың 4 түрінен 33 жолдама жеңіп алған болатын. Міне енді Копыренко бесінші спорт түрінен 34-ші жолдаманы иеленді.

Қазақ спортшылары Пхенчхан қаласында тоғыз спорт түрінен өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Олимпиадада жалпы спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Төртжылдық дода ақпан айының 9-25 күндері аралығында өтеді.

Дереккөз Dodasport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз