АҚТӨБЕЛІК БОКСШЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

19

13-17 қаңтар аралығында Ресейдің Комсомол-на-Амуре қаласында бокстан Ауғанстанда интернационалдық борышын орындау кезінде қаза тапқан ресейлік жауынгерлерді еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Аталған турнирде 60 келі салмақта ақтөбелік спортшы Рахат Сейтжанов Ресей елінің өкілін 5:0 есебімен жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

«Орлан» спорт орталығының шаршы алаңында 17-18 жас аралығында Азия және Еуропаның 11 елінен 100-ге жуық боксшы өзара бақ сынасты. Оның ішінде, Қазақстан, Армения, Беларусь, Тәжікстан, Қытай, Латвия, Молдова, Польша, Өзбекстан, Украина, Донецк халық Республикасы елдерінен қатысты.

-Мен аталмыш турнирге бірінші рет қатысып отырмын және тыңғылықты дайындықтың нәтижесінде жеңіске жеттім деп ойлаймын. Әрине, жеңіс оңай жолмен келмейді, қаншама жаттығу жұмыстарын талап етеді. Алға қойған мақсаттарым көп, сол мақсаттарыма жету үшін бар күшімді саламын,- дейді Рахат Сейтжанов.

Сонымен қатар, бас бапкерінің айтуынша, Рахаттың жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндігі жоғары. -Жеребе бойынша Рахат төрт кездесу өткізіп, барлық кездесулерде жеңіске жетті. 2015 жылдан бастап ҚР жастар құрама сапында өнер көрсетеді. Алда бізді маңызды жарыстар — Қазақстан Республикасының чемпионаты, Азия, Әлем чемпионаттары және Аргентинада өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары күтіп тұр. Әрине, аталған додаларға қатысу үшін бар жігерімізді салып, жолдама алуға тырысамыз,- деп атап өтті Ақтөбе облысының бокстан жастар арасындағы аға жаттықтырушысы Тағыберген Қазиханов.

Айтып өтейік, бұл халықаралық турнир Комсомол-на-Амуре қаласында 14-ші рет өтіп отыр соның ішінде, халықаралық мәртебесі бойынша 4-ші өтуі. 2016 жылдан бастап Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының күнтізбелік жоспарына енгізілген

Дереккөз Dodasport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз