Бәйге алатын аттың белгілері

22

Бәйге аты әбден бабына келгенде елеңдеп, қарауылдап, көлденеңдеп, тықыршып тұрады. Құмалағы құрғап, жартылай түседі. Осы кезде ауық-ауық жасаңға арқандап, ішін босатып тұрған жөн. Бабына келген бәйгенің жүні тал-тал болып тікірейіп, жылтырап, қылаң ұрып тұрады. Жүргенде артқы екі аяғының өкшесі жерге тимейді, тұяғының ұшымен іліп басады.

Бәйгеден келетін аттар көп есінейді. Таранып, саңылақтанып, сөреге барар алдында дамыл-дамыл тезектейді.

Бәйгеден келген аттың суытуына ерекше мән берген жөн. Бәйгеден келген соң бір сағат мөлшерінде баяу жетелеп жүру керек. Тері құрғап, солығы басылғанда тоқтатады. Қайтар жолы алыс болса жетелелеп қайтады. Мұның өзі ат денесіндегі тасыған қанды сабасына түсіріп, аттың аяғына көз түсуден, қан түсуден сақтайды. Бәйге алаңы күдір болса, ат тағаланады, жазық болса, тағаланбайды. Аттың аяғын күту – оның бәйгеден келуіндегі маңызды шарттардың бірі.

zeinolla-sanikЗейнолла Сәнік, «Қазақ этнографиясы»

argymaq.kz

Дереккөз Argymaq.kz ұлттық танымдық порталы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз