АЛМАТЫДА БАЛАЛАРҒА ТАУ ШЫҢЫСЫН ТЕБУДІ ТЕГІН ҮЙРЕТЕДІ

21

Алматыда Спорттық Алматы бағдарламасы аясында қала әкімдігінің қолдауымен 1-11-ші сынып оқушыларын шаңғы тебумен тегін үйрту сабақтары өтеді. Бағдарлама 2018-ші жылдын 15-ші қаңтарынан басталады, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Оқыту сабағының уақыты күніне 1 сағаттан, бес күн бойы өткізілмек (дүйсенбі-жұма). Керек жабдықтар қосымша тегін беріледі. Қатысушылардың ата-аналарынан міндетті түрде жазба түрінде рұқсат, балалардың туу туралы куәлгінің көшірмесі, мектебінің нөмірі және өздерінің қатысуы талап етіледі. Әр топта 10 баладан дайындалады. Өтетін орындары мен басталуы: «PIONEER» (біріңші ауысым 10:00-де және екінші ауысым 16:00-де), «Шымбұлақ» (10:00 және 16:00) және «Звездная поляна» (09:30-дан 17:30-ға дейін).

— Бұл сабақтар көктем айына дейін жалғасады. Мектеп оқушылары арасында «Звездная полянада» өткізіледі. Барлық саны 2 400 адам деп жоспарлап отырмыз.Осыншама адам 5-7-ші сынып оқушылары арасында да бөлек Шымбұлақта болады. Ол жақта бір топ 5 баладан тұрады, ал,сабақтар 4 күн бойы 1 сағаттан өткізіледі. Сонымен қатар, «PIONEER» отбасылық тау курортында 4-20 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бөлек сабақтар өткізілетін болады. Бұл жерде екі аусымменбір топта 10 баладан оқиды. Түске дейін – 20 бала, түстен кейін – 20 бала). Әр балаға жеке нұсқаушылар қарастырылған. Бір бала 1 сағаттан 10 күн дайындалатаын болады, — деді бағдарламаға жауапты Ержан Мухаманов.

Үйренем дегендер 2017-ші жылдың 25-ші желтоқсанынан бастап жазылуда. Тіркелу үшін olymp_sport@mail.ru поштасына немесе мына нөмірлерге хабарласуға болады: 8-775-527-43-87 — Ержан (Шымбұлақ), 8-777-297-57-90, 8-700-297-57-90 — Евгений («Звездная поляна»), 8-707-111-32-17, 8-777-369-16-89 Анна Васько («Пионер»).

Айта кету керек, «Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Осы бағдарлама аясында әр жексенбі сайын Медеу және тегін ашылған мұз айдындарында апта сайын тегін конькимен сырғанау сабақтары жүргізілуде.

Дереккөз Dodasport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз