Юрген Клопптың тәмсілдері…

29
Сурет LiverBird.ru сайтынан алынды

“Ливерпульдің” бас бапкері Юрген Клопп өзіне тән эмоциясы, харизмасы, ойын жүйесімен ғана емес, сондай ақ тәмсілдерімен де жанкүйер қауымның көңілінен шығып жүреді. Бапкерді рок-н-ролл орындаушысы етіп те көрсететін карикатуралар бар. Оған себепте жоқ емес. Неміс маманының  цитаталарын назарларыңызға ұсынамыз.

Арсен Венгер жайында айтқан пікірі: «Ол допты өзінде ұстағанды, қысқа пастармен футбол ойнағанды ұнатады. Оркестрге ұқсатамын. Бірақ тым баяу әуен орындайтын оркестр. Ал мен хэви металлды ұнатамын»

Ең алғаш “Боруссияның” тізгінін ұстағандағы айтқан сөзі:« Егер әр екі апта сайын стадионға жиналған сексен мың көрермен біздің іш пыстырарлық ойынымызды тамашалайтын болса, болашақта жаңа стадион іздеуіміз керек»

«Мен  шәкірттеріме “Барселонаның” ойынын көрсетпеймін. Оның орнына 5868-голды тойлау сәтінен суретті ұсынамын. Олар әрқашан гол салғанда құдды бір тарихтағы алғашқы голын салғандай қуанады. Міне осы құштарлықты соңғы демің шыққанша сақтап қалу керек»

“Реалды” 4-1 есебімен ұтқаннан кейінгі сұхбат: «Біздің Робин Гудпен ортақ ұқсастықтарымыз бар. Олда байларды тонайтын»

Қорғаушылардың қысқа пастар арқылы ойнауы жайында:

«Егер сендер менің түбіме жеткілерің келсе, қолдарыңнан келмейтін қысқа пастармен ойнағанша  жәй ғана мені пышақтап тастаңдар».

«Бәрі маған әр түрлі ойыншылар сатып алу керетігі жайында ақыл  айтады. Бірақ мәселе қолда барды ұқсата білуде. Егер әйелің мен араңда мәселе туындай қалса күн сайын өзгесін әкеліп отырмайсың ғой»

«Синдзи Кагава-әлемдегі ең үздік ойыншылардың бірі. “Боруссияда” жүргенде Синдзиде  бәрі болды. Ал, “Манчестер Юнайтедте” сол қапталда әр матчта не бәрі 20 минут қана доп тебетін. Оны көрген менің жүрегім жаралы»

Марио Гётце “Баварияға” кетуге келісім бергеннен кейін: « Бұл басқаның емес менің қателігім себебі мен бойымды қысқартып, испан тілінде сөйлей алмаймын»

«Мен Өз шәкірттеріме жеңіске жетпей тұрып, «This Is Anfield» тақтайшасына тиіспеуін ескерттім. Бұл тақтайшаға құрмет көрсету міндет».

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз