МОГУЛШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫНЫН ИЕЛЕНДІ

5

Қытай елінің Тайву қаласында Фристайл-могул спорты бойынша әлем кубогының екінші кезеңі өтуде. Финалдық кезеңде қос спортшымыз жүлдегер атанды.

Әйелдер арасында Юлия Галышева жеңімпаз атанды. 80,88 ұпаймен отандасымыз екінші орын алған Амеркалық Джаэлин Кауфтан 0,80 ұпай озып кетті. Үшінші орында 80,03 ұпаймен Канадалық Анди Нод еншіледі. Айта кету керек, кешегі өткен сайыста Юлия екінші орын алған болатын.

Ерлер арасында Дмитрий Рейхард 84,92 ұпаймен күміс жүлдегер атанды. Алтын Канадалық Микаэл Кингсберидте (85.94) болса, қола жүлде Америкалық Мэтт Грэхэмде (82.96).

Фото FIS Freestyle Skiing.

Дереккөз Dodasport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз