2017 жылы футбол несімен есте қалды?

27
Photo by Marco Luzzani/Getty Images

Италия әлем чемпионатына қатыспайды

2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына 2006 жылғы әлем чемпионы жолдамадан тыс қалды. Испания іріктеу кезеңнен бірінші орынмен шығып, Италияны тағы да қосымша кездесуге қалдырды. Италия Швецияға қарсы екі кездесу өткізді. Қонақта 0:1 есебімен жеңіліп, өз алаңында 0:0 есебімен тең ойнады. Кездесуден кейін Италияның қақпашысы Буффон көзіне жас алып сұхбат берген болатын.

sports.ru

Буффон Италияның жанкүйерлерінен кешірім сұрап, ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтындығын айтты.

sports.ru

Жампьеро Вентура кездесуден кейін Италияның бас бапкер қызметінен кеткен болатын.

 

Неймар әлемдегі ең қымбат ойыншы атанды

Жазғы трансфер маусымында футбол тарихында ешкім күтпеген жағдай болды. ПСЖ каталондық «Барселонадан» Неймарды 222 000 000 евроға сатып алды. Бразилиялық футболшының алдында ең қымбат Поль Погба болатын. Францияның жартылай қорғаушысын 2016 жылы «Манчестер Юнайтед» «Ювентустан» 105 000 000 евроға сатып алған болатын.

 

 

 

«Реал» екі мәрте қатарынан УЕФА Чемпиондар лигасын жеңген алғашқы клуб болды

Корольдік клубтың алдыңғы маусымдағы ойыны футбол әлемін таңғалдырды. 2017 жылы 5  кубокты жеңіп, (УЕФА Чемпиондар лигасы, Ла лига, Испания және УЕФА суперкубогы, клубтар арасындағы әлем чемпионаты) бұрын жетпеген жетістіктеріне жеткен болатын. УЕФА чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Роналду бар күшін салды. «Баварияға» 5 гол, «Атлетико» қақпасына 3 гол және финалда дубль жасап, «Реалдың» лидері екенін тағы дәлелдеді.

Photo by Matthias Hangst/Getty Images

Кардифте корольдік клуб Буффон бастаған «Ювентусты» 4:1 есебімен ойсырата жеңді. «Реалдың» шабуылына чемпиондар лигасында ең аз гол жіберген «Ювентус» қарсы тұра алмады.

Real-Madrid.ru

 

 

 Германия — конфедерация кубогының жеңімпазы 

ntv.ru

2017 жылы Ресейде өткен конфедерация кубогының финалдық кездесуінде немістер Чили ұлттық құрамасын 1:0 есебімен жеңген болатын.

Германия 5 кездесуде 12 гол соғып, ең нәтижелі көрсеткіш көрсетті. Немістердің шабуылшысы Тимо Вернер, турнирде 3 гол және 2 нәтижелі пас беріп, үздік сұрмерген атанған болатын.

 

1. Франческо Тотти, Рикардо Кака, Андреа Пирло футболдағы мансаптарын аяқтады

2. Роналду бесінші рет алтын доптың иегері атанып, Мессимен теңесті

3. Ресейде өткен конфедерация кубогында алғаш рет бейнеқайталау жүйесі іске қосылды

4. 2010 жылдан бері жыл сайын ең көп гол соғатын, тек Роналду немесе Месси еді. 2017 жылы “Тоттенхэм” клубының шабуылшысы Харри Кейн 56 гол салып, статистиканы жаңартты. 

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз