Жеткіншектерге құрмет: “Ең үздік спортшы – 2017 жыл”

14

«Сағадат батыр» спорт клубының шәкірті Мәди Құрманғожаев биыл Әбу Даби қаласында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында 3-ші мәрте әлем чемпионы, сондай-ақ, Мәскеуде өткен  «Gimnasium Cup» халықаралық турнирінің чемпионы атанды.

10 жасар Жібек Құлымбетова «Arlan Grip», «Mace», «National PRO» халықаралық джиу-джитсу және грепплинг турнирлерінде ұлдар арасында жүзден жүйрік шығып, бірнеше дүркін чемпион атанды. Жасөспірімдер арасында джиу-джитсу және грепплинг күресінен халықаралық турнирлерде екі салмақ дәрежесі бойынша сайысқа түсіп, қос алтынды қанжығасына байлап, қарсылас шақ келтірмей жүрген Нұртуған Бекмұрат және аралас жекпе-жектен Азия чемпионы атанғана ие болған Елжан Жұмаділ, Джиу-джитсу және грепплингтан халықаралық турнирлерде үнемі алтыннан алқа тағып жүрген Әділхан Ақжолтай, «National PRO» халықаралық турнирінің чемпионы және «Арлан грип» ашық Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған Самат Айтпанбет.

«Сағадат батыр» спорт клубында халықаралық турнирлерде, Әлем және Азия чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болып, чемпион атанып жүрген тағы 15-ке жуық шәкірт тәрбиеленеді. Жылдың басты жаңалығы, «Сағадат батыр» спорт клубының бас бапкері Нұрсұлтан Орынбасаров Тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық Қаһарманы», Армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожағметұлының құрметіне Джиу-джитсудан турнир өткізді. Биылғы жылы орын алған осы және басқада жаңалықтармен бөлісу мақсатында желтоқсан айының 24-і Алматы қаласы, «Qazaq» мейрамханасында «Сағадат батыр» спорт клубының жылдық қорытынды есеп беру кеші өтті.

Жиынға көш бастап келген ел ағаларының қатарында қоғам қайраткері, «Сағадат батыр» Халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының Президенті Нәлібаев Махмұт Ыбырайханұлы, Әділет генерал-майоры Қайдаров Рүстем Есімханұлы, Генерал-майор Нұрмағамбетов Талғат Сағадатұлы, Ауған соғысының ардагері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Смағұл Бақытбек Смағұлұлы, Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ахметов Мамай Қалиұлы, Бразилиялық джиу-джитсу және грепплинг федерациясының өкілі Сәдірбай Рахмет мырзалар болды . Сонымен қатар, биылғы жылы үздік нәтижиеге қол жеткізген «Сағадат батыр» спорт клубының 15 шәкірті қатысты. Қадірлі қонақтарға арнап жас спортшылар боз кілемде өнерлерін паш етті. Спортшылардың ептілігіне тәнті болған ел ағалары ақ батасын беріп әрдайым қолдау білдіретінің жеткізді. Алғысөз кештің құрметті қонағы Махмұт Ыбырайханұлына бұйырды. Махмұт мырза өз сөзінде жас спортшыларға ризашылығын білдіріп, талай белестерді бағындыруға тілектес екенің айтты. «Еліміздің жарқын болашағы сендерсіндер» деп сенім білдірді. «Сағадат батыр» спорт клубының шәкірттеріне Махмұт мырзаның қолынан Диплом мен «Ең үздік спортшы – 2017 жыл» кубогін алу бұйырды.

Талай жасқа бағыт-бағдар беріп, ауыл спортының дамуына үлкен үлес қосып, елінің біртуар азаматы Сағадат Нұрмағамбетовтың дара жолын дәріптеп жүрген грепплингтан Азия чемпионы, Джиу-джитсудан, Аралас жекпе-жектен ҚР чемпионы Нұрсұлтан Орынбасаровқа Әділет генерал-майоры Қайдаров Рүстем Есімханұлы ризашылығын білдіріп Сағадат Нұрмағамбетов атындағы медальмен марапаттады.

«Сағадат батыр» спорт клубының шәкіріттері жасөспірімдер арсында еліміздін ең үздік командасы деп айтсақ артық болмас. 80-нен астам шәкірттін 15-і халықаралық ареналарда қазақ елінің көк байрағын желбіретіп жүрген жайы бар. Болашығынан үлкен үміт күттіретін спортшыларға ел ағалары ақ баталарын берді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлұлы балаларға өз өлендерін оқып, кешке жиналған қонақтардын және спортшы жастардың рухын бір көтеріп тастады. Өз тарапында ата-аналарда алғыс білдіріп, «Сағадат батыр» спорт клубында балалары жаттығып, тәрбие алып жатқанына қуанышты екенін жеткізді.

Нұрсұлтан Орынбасаров: Алдағы уақытта республикамыздың өзгеде қалалары мен облыстарында «Сағадат батыр» спорт клубының филиалдарын ашып, келер жылы «Сағадат батыр» халықаралық турнирін өткізу жоспарда барын айтты.

Жақсылар мен жайсаңдардың басын бір дастарханда қосқан шараны ұйымдастыруға Махмұт Ыбырайханұлының басшылығындағы «Сағадат батыр» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры атсалысты.

Авторы: Бақыт Жақаш

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз