Кетер жылғы сұрмерген

54
(Photo by Catherine Ivill/Getty Images)

«Тоттенхэм» клубының шабуылшысы Харри Кейн 2017 жылы ең көп гол соққан футболшы атанды. «Тоттенхэм» және «Саутгемптон» арасындағы кездесуде хет-трик жасап, Англия футбол тарихының жаңа беттерін ашты.

Литва құрамасының бас бапкері Эдгарас Янкаускас Харри Кейн жайлы қалжың айтты. Англияға қарсы кездесу алдында Кейнге гол салғызбау үшін оны стадионға кіргізбеу керек деп әзілдеген болатын. Иә, 2017 жылы Харри Кейннің статистикасы таңғалдырады. Криштиану Роналду және Лионель Мессиден де асып түсті. Месси 54, Роналду 53 гол салса,  ал Харри Кейн 56 гол соғып отыр.

www.skysports.com

Харри Кейннің бұл жалғыз рекорды емес. 1995 жылы Алан Ширер бір жылда АПЛ-да 42 ойын ойнап, 36 гол соққан болатын. Харри Кейн болса 36 ойында 39 гол соғып, тағы да рекорд жасап отыр. Ал 2017 жылы салған барлық голдарын есептегенде 56 гол, яғни, Роналду және Мессиден екі голға озып отыр. Соңғы он жылда бұл екі футболшыдан кез-келген рекордтардан асып түсе беру оңай жұмыс емес.

Бұл рекордтан кейін, алдыңғы рекордтың иесі Алан Ширер, өзінің ресми твиттер парақшасында Кейнді құттықтаған болатын.

Сен 2017 жылы керемет өнер көрсеттің. Сен бұл рекордтың иесі болуға лайықсың. Жарайсың!!! Алда тек сәтті ойын көрсете бер. А. Ширер

Жалпы футбол тарихында бір жылда ең көп гол соққан —  Лионель Месси. 2012 жылы ол 91 гол соққан болатын. Бұл рекордты әлі ешкім жаңартпады.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз