КОНЬКИ ТЕБУДІ ТЕГІН ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

41

Алматыда Жібек жолы — Абылай хан көшесінде және Тұңғыш Президенті саябағының алдында орналасқан  тегін мұз айдындарында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары  өтті.

Бағдарлама аясында кез келген коньки тебуші тәжірибелі жаттықтырушылардың көмегіне жүгінді. Мұз айдының келушілері көптеген қызықты ойындарға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алды. Іс-шара сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін өткізілді.

— Бүгінгі ойындар қызықты болды. Бұл жерге әкеммен бірге бірінші рет келдім. Алдында Тұңғыш Президенті саябағында орналасқан  тегін мұз айдынына бардым. Маған коньки тепкен өте ұнайды, – деп өз ойымен қонақтардың бірі Рамазан Винокуров бөлісті.

Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады. Бұл науқан «Спорттык Алматы» бағдарламасына биылғы жылдың 25-ші ақпанында қосылған болатын. «Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда қазіргі таңда алты ауданда 24 сағат  тегін жұмыс жасайтын  мұзайдындары іске қосылды. Алдағы уақытта  әлі бірнеше тегін мұзайындары іске қосылады. Жоба ұйымдастырушысы Алматы қаласының әкімдігі болып табылады.

 

Дереккөз Dodasport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз