АЛМАТЫДА ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН СПАРТАКИАДА ӨТУДЕ

64

Еліміздегі  табиғаты ең әдемі жерлердің бірі болып табылатын Алматы облысындағы Солдат шатқалында шаңғы спортынан Қазақстан Республикасының 4-ші Спартакиадасы жалауын көтерді. Алғашқы сайыстар ерлер мен әйелдер арасындағы командалық «эстафета» болды.

Әйелдер арасындағы  4 х 5 км-лік еркін және классикалық әдістер бойынша эстафетада Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Алматы облыстарынан және Астана мен Алматы қалаларынан 4 спортшыдан қатысты.

Келесідей ретпен жеңімпаздар анықталды:

  • — Шығыс Қазақстан облысы (Елена Коломина, Камила Махмутова, Анжелика Тарасова, Марина Матросова), нәтиже: 57 минут 57,6 секунд.
  • — Ақмола облысының спортшылары (Валентина Эбель, Гүлсина Қадирова, Тамара Эбель, Эльмира Мутогарова) жеңімпаздардан 3 минуты 18,7 секунд қалып қойды.
  • — Қола жүлдені Қостанай облысы иелені. (Елизавета Селезнева, Мария Люфт, Наталья Черных, Лаура Киныбаева), уақыты – 1:01:57,5.

Ерлер арасындағы сайыста Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе,  Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Алматы облыстарынан және Астана мен Алматы қалаларынан 40 спортшы қатысты.

Бірінші орын – Ақмола облысы (Дениса Волотка, Константин Борцов, Олжас Климин, Евгений Величко).

Екінші орын – Шығыс Қазақстан облысы (Иван Люфт, Тлеужан Баяхметов, Ердос Ахмадиев, Сергей Черепанов).

Үшінші орын — Қостанай облысы (Руслан Дүненбаев, Александр Брейденбах, Иван Василевский, Виталий Пухкало).

Айта кету керек, 4-ші Қазақстан Республикасының Спартакиадасы аясында келесі шаңғы спортының төрт түрі бойынша сайыстар «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өтеді.

22 желтоқсан – Скиатлон.

24 желтоқсан – Жекелей сайыстар.

26 желтоқсан – Спринт.

28 желтоқсан – Масс-старт.

Дереккөз Dodasport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз