«Almaty Polo Club» шөгеннен чемпион атанды

31

Алматы облысы, Талғар ауданының «Almaty Horse and Polo Club» ат спорты кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шөгеннен республикалық турнир мәресіне жетті. 17-19 желтоқсан күндері   «Әулиеата» шөген клубы, «Astana Polo Club»,  «Almaty Polo Club», «Almaty Horse & Polo Club» және осы турнирде бірінші рет өнер көрсеткен «Tu’lpar Polo Club»  командалары жарыстың жүлделерін сарапқа салды.

Әр команда айналмалы жүйе бойынша бір-бірімен 3 чакерден ойнап шықты:

17 желтоқсан:

Алғашқы ойында «Almaty Polo Club» командасы Tulpar Polo Club  6:2 есебімен жеңді. «Astana Polo Club» тартысты кездесуде «Almaty Horse & Polo Club» командасынан 3:1 нәтижесімен басым түсті. «Almaty Polo Club» пен «Әулиеата» шөген клубы арасында әсерлі ойын өтті. «Almaty Polo Club»  3:2 есебімен «Әулиеата» шөген клубын басып озды. Ал, соңғы матчта Астаналық «Astana Polo Club» Tulpar Polo Club   құрамасын 2:0 есебімен жеңіске жетті.

18 желтоқсан:

Іріктеу ойындарының екінші күні додаға бірінші болып Almaty Horse & Polo Club пен Almaty Polo Club құрамалары тартысқа түсті. Есеп 0:5 нәтижесімен Almaty Polo Club жеңіске жетті. Astana Polo Club пен Әулиеата шөген клубы екінші ойында кездесіп, 3: 2 Astana Polo Club пайдасына шешілді. Tulpar Polo Club пен Almaty Horse & Polo Club құрамалар арасындағы тартыс 2:1 есеппен аяқталды.

19 желтоқсан:

Ақтық ойында  «Әулиеата» шөген клубы Almaty horse & Polo Club командасымен кездесті. «Әулиеата» клубының ойыншысы Нұрдаулет Момынов дүбірлі додада 3 гол салып шебер ойынына тәнті етті. Қызу ойында «Әулиеата» шөген клубының ойыншылары мен қатар поло-пони де өз үлесін қосып, қарсылас командаға «пони-гол» салды. Жалпы есеппен 6:1 «Әулиеата» шөген клубы жеңді.

Қызу тартыста Almaty Polo Club қарсыласы Astana Polo Club -ты 3:2 есебімен басып озды. Есеп  3 чаккерге дейін 2:2 ұпайымен теңесіп тұрды. Төреші қосымша тағы бір чаккер қосты. Ойынның соңғы минуттарында Кемел Мамедов  қарсылас шөгеншілер қақпасының кілтін тауып шешуші гол соқты.

«Әулиеата» шөген клубы үшінші ойынында  Tulpar Polo Club-пен кездесіп, 6:1 есебімен өз қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, командалар келесі орындарға ие болды:

1 орын  –Almaty Polo Club

2 орын – Astana Polo Club

3 орын  – «Әулиеата» шөген клубы

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз