Классико қызықтары

46
SPORTARENA.com сайты

Футболдағы ерекше кездесулер жанкүйерлер үшін кішігірім мереке. “Манечестер дербиі”, “Дер-Класикер”, “Эль-Классико” сынды матчтар миллиондаған көрерменді көгілдір экранға байлайды. 23-желтоқсан күні әлемнің қос үздігі “Бернабеуде” бақ сынайды. Ла Лиганың 17-турында өтетін ойын Астана уақытымен 19:00-де басталады.

“Эль-Классико” 

“Эль-Классико” – аладоп бәсекесіндегі ең атақты дерби. Бұл – құрылғанына 100 жылдан астам уақыт болған қос команданың тартысы. Испан дербиін әлемнің 185 елі тікелей эфирде көрсетеді. AS ақпараты бойынша, классико аудиториясы шамамен 650 миллион адамды құрайды. 200-ден астам БАҚ құралдарынан 600 журналист классиконы алаңнан тамашалайды. Матчты түсіруге 40 камера бөлінеді. Әлеуметтік желіде #ElClasico хештегімен миллиардтан астам жарияланым жасалады. Мұның бәрі Испания футболының әлемдік аренадағы беделін үстем етеді.

“Барселона” мен “Реал Мадрид” 197 ресми кездесу өткізген. 83 ойында Мадридтіктер жеңсе, 76-сында каталондықтар басым түскен. Қос мықты 38 рет тең ойнаған. “Реал” барлығы 328 гол, “Барселона” жағы 308 гол соққан. “Реал” қоржынында 33 Ла Лига кубогы, 19 Испания кубогы және 10 Испания Суперкубогы бар. “Барселона” еншісінде 24 Ла Лига кубогы, 29 Испания кубогы және 12 Испания Суперкубогы бар.

Картинки по запросу эль-классико

Жанкүйерлер арасында “Барселона” мен “Реал” кездесуіндегі түрлі есептерден құрастырылған аңыздар тараған. “Галактикос” жанкүйерлері 11:0-ді, “Блауграналар” 7:2-ні еске алады. “Барса” мен “Реал” жанкүйерлерінің арасында дау тудырмас үшін Испания чемпионатындағы жаңа ғасыр матчтарына шолу жасайық. Кімнің мықты екенін оқырман топшыласын…

2000/2001 жылғы маусым

 “Барселона” 2- 0 “Реал Мадрид”  (22 қазан, 2000 жыл)

Жаңа ғасырды каталондықтар жеңісті классикодан бастайды. “Камп-Ноуда” өткен ойында “Барселона” сапынан Луис Энрике (26′) мен Саброза (79′) гол соғып, “Блауграналарға” қуаныш сыйлайды.

 “Реал Мадрид” 0-0 “Барселона” (4 наурыз, 2001 жыл)

“Сантьяго-Бернабеуде” өткен матчта  Висенте Дель Боскенің командасы Лоренсо Серра Феррер шәкірттерінің осал тұсын таба алмайды. Көп күттірген матч тең нәтижемен аяқталады.

2001/2002 жылғы маусым

“Реал Мадрид” 2-0 “Барселона” (5 қараша, 2001 жыл)

5 қараша күнгі ойында “Реал Мадрид” өз алаңында каталондықтарды сан соқтырды. 23-минутта Морьентес, 90+2-де Фигу соққан доптар жауапсыз қалады. “Сантьяго-Бернабеуде” Дель Боске командасы жеңіске жетті.

“Барселона” 1-1 “Реал Мадрид” (17 наурыз, 2002 жыл)

“Камп-Ноуға” қонаққа келген “галактикостар” тең нәтижені қанағат тұтады. 38-минутта Зидан салған голға, 58-минутта Хави жауап қатады. “Барселона” алаңындағы ойын 1:1 есебімен аяқталады.

2002/2003 жылғы маусым

“Барселона” 0-0 “Реал Мадрид” (24 қараша, 2002 жыл)

Ла-Лиганың 11-турында “Камп-Ноуда” өткен матчта командалар тең тарқасады (0:0).

“Реал Мадрид” 1-1 “Барселона” (20 сәуір, 2003 жыл)

Маусымның аяғына таман “Сантьяго-Бернабеуде” тартысқа толы матч өтеді. Роналду 16-минутта есеп ашса, 32-минутта Энрике теңестіреді. 2-таймда командалар қанша тырысқанымен, ойын тең нәтижемен аяқталады (1:1).

2003/2004 жылғы маусым

“Барселона” 1-2 “Реал Мадрид” (7 желтоқсан, 2003 жыл)

“Барселона” алаңына жеңеміз деп келген мадридтіктер дегеніне жетеді. Роберто Карлос (37′), Роналдо (75′) соққан голға, “Барселона” тарапынан Клюйверт (83′) жауап қатады.

“Реал Мадрид” 1-2 “Барселона” (25 сәуір, 2004 жыл)

Каталондықтар “Камп-Ноуда” кеткен есесін, “Бернабеуде” қайтарады. 1-таймда бір-бірлерінің шамасын бақылаған клубтар, 2-таймда қыза түседі. Солари 54-минутта есеп ашса, 58-минутта Клюйверт теңестіреді. Хави 85-минутта ойын тағдырын шешіп кетеді.

2004/2005 жылғы маусым

“Барселона” 3-0 “Реал Мадрид” (20 қараша, 2004 жыл)

“Барселона” мен “Реал” арасындағы ойын блауграналардың жеңісімен аяқталды. Это’о (23), ван Бронкхорст (42′), Роналдиньо (75′ пен) соққан голдар жауапсыз қалды.

“Реал Мадрид” 4-2 “Барселона” (10 сәуір, 2005 жыл)

“Камп-Ноудағы” ойынан кейін ес жиған “Реал” келесі кездесуде “Барселонаны” орнына қояды. 7-минутта Зидан, Роналдо 20-минутта гол соғып, 29-минутта Это’о есепті қысқартады (2:1). 2-таймда қарқын алған мадридтіктер есепті 4:1-ге жеткізеді (Рауль 26′, Оуэн 66′). 73-минутта Роналдиньо матчқа нүкте қояды.

2005/2006 жылғы маусым

“Реал Мадрид” 0-3 “Барселона” (19 қараша, 2005 жыл)

Ла Лиганың 12-турында “Барселона” “Реал” алаңында кеткен есені қайтарады. Это’о (14′) гол соғып, Роналдиньо (60′, 77′)дубль авторы атанады.

“Барселона” 1-1 “Реал Мадрид” (1 сәуір, 2006 жыл)

Ла Лиганың 31-туры “Камп-Ноудағы” тең ойынмен бітеді. Роналдиньо 20-минутта пенальти орындап, Роналдо 36-минутта гол соғады.

2006/2007 жылғы маусым

“Реал Мадрид” 2-0 “Барселона” (22 қазан, 2006 жыл)

“Галактикостар” өз алаңында “Барселонаға” мүмкіндік бермейді. Ойынның 3-минутында Рауль есеп ашып, ван Нистелрой 50-минутта есепті еселейді.

“Барселона” 3-3 “Реал Мадрид” (10 наурыз, 2007 жыл)

“Камп-Ноуда” футбол жанкүйерлерін таңдандырған қызықты классико өтеді. “Реал Мадридпен” өткен матчта Месси бенефис жасайды. Ван Нистелрой (4′, 12′ пен) мен Рамос (72′) соққан голға, аргентиналық сұрмерген хет-трикпен (10′, 27′,88′) жауап береді. Месси 19 жасында “Реал Мадрид” қақпасына хет-трик жасаған алғашқы ойыншы.

2007/2008 жылғы маусым

“Барселона” 0-1 “Реал Мадрид” (23 желтоқсан, 2007 жыл)

Ла Лига. 17-тур. Эль-Классико. “Камп-Ноу”. “Реал Мадрид” “Барселонаны” Баптиста (36′) соққан гол арқылы жеңеді.

“Реал Мадрид” 4-1 “Барселона” (7 мамыр, 2008 жыл)

“Сантьяго-Бернабеуде” нағыз классикалық футбол матчы өтеді. Рауль (12′), Роббен (20′), Игуаин (62′), ван Нистерлой (77′ пен) соққан 4 допқа, Анри 86-минутта жауап қайтарады.

2008/2009 жылғы маусым

“Барселона” 2-0 “Реал Мадрид” (13 желтоқсан, 2008 жыл)

Мадридтен келген қонақтарды Каталония қос голмен күтіп алады. 83-минутта Это’о, 90-минутта Месси гол соғады.

“Реал Мадрид” 2-6 “Барселона” (2 мамыр, 2009 жыл)

“Бернабеуде” каталондықтар футболдан классико көрсетеді. Игуаин 14-минутта есеп ашады, Анри 17-минутта теңестіреді. Пуйоль 19-минутта есепті еселейді (1-2).  Месси 35-минутта гол соғады. Рамос 56-минутта есепті қысқартады. Анри 58-минутта, Месси 75-минутта дубль жасайды. 83-минутта Пуйоль күллі “Бернабеуге” басу айтады.

2009/2010 жылғы маусым

“Барселона” 1-0 “Реал Мадрид” (29 қараша, 2009 жыл)

“Камп-Ноуда” каталондықтар Ибрагимович (56′) соққан голдың арқасында жеңіске жетеді.

“Реал Мадрид” 0-2 “Барселона” (10 сәуір, 2010 жыл)

“Реал Мадрид” алаңындағы матчта “Барселонаның” мерейі үстем болады. Месси (33′) мен Педро (56′) соққан қос гол “блауграналарға” жеңіс сыйлайды.

2010/2011 жылғы маусым

“Барселона” 5-0 “Реал Мадрид” (29 қараша, 2010 жыл)

“Барселона” клуб туған күнінде жанкүйерлеріне тосын сый дайындайды. Испанияның әйгілі дербиінде Мадридтіктерді 5:0 есебімен жеңеді. Хави (10), Педро (18), Вилья (55, 58), Хеффрен (90) жауапсыз бес доп соғады.

“Реал Мадрид” 1-1 “Барселона (16 сәуір, 2011 жыл)

“Бернабеуде” ең әдемі пенальти-шоу өтеді. Месси 53-минутта, Роналду 82-минутта пенальтиден гол салады.

2011/2012 жылғы маусым

“Реал Мадрид” 1-3 “Барселона” (10 желтоқсан, 2011 жыл)

Бензема соққан 1-минуттағы гол футбол әлемін дүр сілкіндіреді. “Барселонаны” бөлшектейді-ау дегенде, ойын барысы өзгеріп кетеді. Санчес (33′), Хави (53′), Фабрегастың (65′) қарқынына “галактикостар” төтеп бере алмады.

“Барселона” 1-2 “Реал Мадрид” (21 сәуір, 2012 жыл)

“Камп-Ноуда” “Реал Мадрид” жеңіс тізгінін өз қолына алады. 17-минутта Хедира есеп ашса, Санчес 70-минутта есепті теңестіреді. 73-минутта Криштиану Роналду “Реалға” жеңіс сыйлайды.

2012/2013 жылғы маусым

“Барселона” 2-2 “Реал Мадрид” (7 қазан, 2012 жыл)

Бұл ойынды “Барселона” мен “Реалдың” матчы емес, Месси мен Роналдудың дербиі десек те болады. 23-минутта Роналду гол соғып, 31-минутта Месси теңестіреді. 61-минутта Месси гол соғып, 66-минутта Роналду теңестіреді. “Камп-Ноудағы” ойын тең нәтижемен аяқталады.

“Реал Мадрид” 2-1 “Барселона” (2 наурыз, 2013 жыл)

“Реал Мадрид” өз алаңында “Барселонадан” басым түседі. 6-минутта Бензема, 82-минутта Рамос соққан допқа, 18-минутта Месси жауап береді.

2013/2014 жылғы маусым

“Барселона” 2-1 “Реал Мадрид” (26 қазан, 2013 жыл)

“Камп-Ноудағы” матчта “Барселона” жеңіске жетеді. Неймар (19′) мен Санчес (78′) гол соғып, 91-минутта Хесе есепті қысқартады.

“Реал Мадрид” 3-4 “Барселона” (23 наурыз, 2014 жыл) 

“Реал” алаңында “Барселона” жанкешті түрде жеңіске жетеді. Бензема дубль жасап, Роналду 55-минутта пенальтиден гол соғады. Иньеста 7-минутта есепті қысқартып, Месси хет-трик (42′, 65′ пен, 84′ пен) жасайды.

2014/2015 жылғы маусым

“Реал Мадрид” 3-1 “Барселона” (25 қазан, 2014 жыл)

“Сантьяго-Бернабеуде” Неймар 4-минутта гол соғады. 35-минутта Роналду пенальтиден гол соқса, Пепе 50-минутта, Бензема 61-минутта гол соғады. “Реал Мадрид” айқын басымдықпен жеңіске жетеді.

“Барселона” 2-1 “Реал Мадрид” (22 наурыз, 2015 жыл)

“Барселона” сапынан Матье (19′) мен Суарез (56′) гол соғады. Роналду 31-минутта қарымта гол соққанымен, “Барселона” жеңіске жетеді.

2015/2016 жылғы маусым

“Реал Мадрид” 0-4 “Барселона” (21 қараша, 2015 жыл)

21 қараша күні “Сантьяго-Бернабеуде” фантастикалық матч өтеді. “Барселона” ойыншылары “Реал” алаңында жауапсыз 4 гол соғады (Суарез 11′, 74′, Неймар 39′, Иньеста 53′)

“Барселона” 1-2 “Реал Мадрид” (2 сәуір, 2016 жыл)

“Барселона” алаңында Зиданның шәкірттері жеңіске жетеді. 52-минутта Пике есеп ашқанымен, 62-минутта Бензема  теңестіреді. 85-минутта Роналду “Камп-Ноуды” сабырға шақырады.

2016/2017 жылғы маусым

“Барселона” 1-1 “Реал Мадрид” (3 желтоқсан, 2016 жыл)

“Барселона” ойыншылары өз алаңындағы тең ойынға разы болады. 53-минутта Суарез гол соқанымен, 90-минутта Рамос теңестіріп кетеді.

“Реал Мадрид” 2-3 “Барселона” (23 сәуір, 2017 жыл)

23-сәуір күнгі классико көптің есінде қалады. 28-минутта Каземиро есеп ашады, 33-минутта Месси теңестіреді. 73-минутта Ракитич каталондықтарды алға шығарады. 85-минутта Родригес “Барселонаға” белгі береді. Алайда, 90-минутта  Месси “Бернабеуді” аяғынан тұрғызады. Өзінің 500-голын “Реал Мадрид” алаңында соғады.

XXI ғасырдағы дерби тарихы осындай. 23-желтоқсан күнгі ойында қай жақ басым түсер екен? Не болса да, футбол жанкүйерлерін “Сантьяго-Бернабеуде” естен кетпес матч күтіп тұр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз