“Реал”-клубтар арасында әлем чемпионы

39
Сурет championat.com сайтынан алынды
Сурет championat.com сайтынан алынды

 

Әлемнің алты құрлығынан жиналған жеті клуб БАӘ-де әлем чемпионы атағына таласты. 16 желтоқсан күні өткен финалдық кездесуде испандық “Реал” бразилиялық “Гремио” клубымен кездесіп, жеңіске жетті.

Біріккен Араб Әмірлігінде өткен әлем чемпионаты 6 желтоқсаннан 16 желтоқсанға дейін жалғасты. Жалпы бұл турнирді өткізуге төрт мемлекет ұсыныс білдірді. Олар: Бразилия, Индия, Япония және БАӘ. 2015 жылы ФИФА-ның шешімімен БАӘ-де өтетіндігі шешілді.

Корольдік клубтың жеңісі

Клубтар арасындағы әлем чемпионатын испандық клуб үшінші мәрте жеңіп отыр. Бұл маусымдағы жеңіс 2014 және 2016 жылмен салыстырғанда ауыр жолмен келгендей болды. Себебі, “Реал” клубына жартылай финалда және шешуші кездесуде сәттілік жолдас болмады. Жартылай финалда ойын тізгінін толықтай өздеріне қаратып отырған Зидан шәкірттері алғашқы болып гол жіберді. “Аль-Жазира” қақпашысының алдында төрт немесе бес гол соғатын мүмкіндіктерді жіберіп алды. Екінші таймда Роналду және қосалқы құрамнан кірген Бэйлдың соққан голдары, “Реал” футболшыларын финалға шығарды.

Финалдық кездесуде “Реал” сапында Криштиану Роналду лидер екенін тағы дәлелдеді. Айып соққысынан гол соғып, испандық клубтың үшінші рет әлем чемпионы атануына себепкер болды.

Криштиану Роналду бұл турнирді төртінші рет жеңіп отыр. 2008 жылы ағылшындық “Манчестер Юнайтед” клубымен алғаш рет жеңген болатын. Ал корольдік клуб, клубтар арасындағы әлем чемпионатын екі жыл қатарынан жеңген алғашқы клуб болды. 2014 жылы Карло Анчелотти жаттықтырғанда бірінші рет, 2016 және 2017 жылдары Зидан бастаған “Реал” футболшылары екі мәрте қатарынан жеңіп, футбол тарихында қалды.

Бұл жеңістен кейін “Реал” және “Барселона” үш мәрте жеңген екі испандық клуб. Бұл екі клубтан басқа үш мәрте әлем чемпионатын әлі ешкім жеңбеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз