ЕЛ: Құрлықтың екі жағына

9

«Астана» УЕФА Еуропа лигасының 1/16 финалында Португалияның «Спортинг» командасымен кездесетін болды.

Швейцарияның Ньон қаласында өткізілген жеребе тізгінін УЕФА бас хатшысы Джорджио Маркетти мен атақты француз футболшысы Ерик Абидаль ұстады.

Еуропа лигасының 1/16 финалындағы жұптар мынадай болды:

Бұған дейін Португалия клубтарымен жолымыз түйісіп көрген емес. Ендеше, «Астана» еурокубоктағы жаңа текетіресті – Қазақстан-Португалия бәсекесін бастайды.

«Спортинг» қазір Португалия жоғары лигасында екінші орында келеді. Топ басындағы «Портудан» лиссабондықтардың доп айырмасы ғана кем. Екі мықты да 14 ойында 36 ұпай жинады. Португалия жоғары лигасы жаңа жылда да үзіліске кетпейді. 19 турды 20 қаңтарда ойнаған соң, 20 турға дейін 10 күн ғана демалады. Демек, 15 ақпанға дейін «Спортинг» ойын ырғағынан жаңылмайды деуге болады.

«Спортинг» биылғы еуромаусымды Чемпиондар лигасында бастады. D тобында «Ювентус» пен «Барселонаға» қатты қарсылық көрсете алмаса да, өз алаңында Италия чемпиондарынан бір ұпай жырып алып қалуға шамасы жетті. Топта үшінші орын алып, Грекияның «Олимпиакосын» артқа тастап, енді «Астанаға» қарсылас атанып отыр.

Ойындар 15 және 22 ақпанға жоспарланған. «Астана» алғашқы кездесуін «Астана-Аренада» өткізеді. Еуропа лигасының финалы Лион қаласындағы «Стад де Люмьер» стадионында өтеді.

Екі ел астаналарының (Лиссабон мен Астананың) ара қашықтығы — 7348 шақырым.

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз