Месси: Мюллермен — тең, алда — Пеле мен Бицан

19

Испания Ла Лигасы
«Вильярреал» — «Барселона» — 0:2 (Л.Суарес, 72, Месси, 83)

Шабуылшы Лионель Месси «Барселона» сапындағы 525-голын соғып, неміс аңызы Герд Мюллерді қуып жетті.
Екі мергеннің ортақ табысы мынада: екеуі де бір ғана еуропалық топ-клуб сапында 125 гол енгізді.
Герд Мюллер 1965-1979 жылдар аралығында «Баварияның» (Германия) намысын қорғады.
Ал Лионель Месси «Барселонада» 2004 жылдан бері ойнайды.

2012 жылы Месси Мюллердің тағы бір рекордын жаңартқан еді: бір жыл ішінде ол 91 гол авторы атанды. Мюллер рекордын Лео 10 голға (81) жаңартты.

Бір команда сапында ең көп гол соғу рекорды Пеленің еншісінде. Ол «Сантос» сапында 643 гол соқты. Екінші орында — Йозеф Бицан (Чехословакия, «Славия», 534). Месси мен Мюллер — үшінші сатыда.

(sports.ru фотолары)

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз