Манчестер дербиі: Юнайтед – Сити

41
Sergio Aguero of Manchester City competes with Luis Antonio Valencia of Manchester United BPI_PG_021114_Man_City_v_Man_Utd_12.jpg PUBLICATIONxNOTxINxUKxFRAxNEDxESPxSWExPOLxCHNxJPN Sergio Aguero of Manchester City Compet with Luis Antonio Valencia of Manchester United jpg PUBLICATIONxNOTxINxUKxFRAxNEDxESPxSWExPOLxCHNxJPN

Англия чемпионатындағы жексенбінің орталық матчы манчестерлік клубтардың арасында өтеді. Моуринью Гвардиоланы тоқтата ала ма? Пеп Жозенің 40 ойындық жеңіліссіз сериясын бұзуға шамасы жете ме? Болжам жасап көрейік. 

10 желтоқсан, 22:30, “Олд-Траффорд” стадионы

“Манчестер Юнайтед”

“Манчестер Юнайтед”  АПЛ кестесінде 35 ұпаймен 2-орында тұр. Қарсыластарынан 8 ұпайға қалып келеді. “МанСитиді” жеңер болса, арақашықтық біршама қысқарады.

Жозе Моуриньюдің командасы “Олд-Траффордта” қатарынан 11 ойын бойы жеңілмеді. Алаңдағы соңғы кездесу мәскеулік “ЦСКА-ға” қарсы өтті. Чемпиондар Лигасы аясындағы матчта “қызыл сойқандар” жеңіске жетті (2:1). “Юнайтед”  өз алаңында чемпионаттағы жеті ойында қарсыластарынан басым түсті. Барлығы 20 гол соғып, тек бір рет қақпасына доп жіберді.

“МЮ-дің” маңызды ойыншысы Поль Погба дербиге қатыспайды. АПЛ-дің 15-турында “Арсеналға” қарсы ойында Погба қызыл қағаз алды. Клуб капитаны Майкл Кэррик пен қорғаушы Эрик Байи жарақатына байланысты алаңға шықпайды.

“Манчестер Сити” 

“Манчестер Сити”  осы маусымда АПЛ-де жаңа рекорд орнатуға жақын. 15 ойын қатарынан жеңілген жоқ әрі қоржындарында 43 ұпай бар. Англия чемпионатында маусым басын сәтті бастады. Топ-5 чемпионаттағы клубтар арасында ең нәтижелі команда.

Гвардиола шәкірттері тек Англия чемпионатының 2-турында “Эвертонмен” тең ойнады (1:1). Одан кейін қатарынан 13 ойын бойы ұпай жоғалтқан жоқ. АПЛ-дегі соңғы үш ойында “Сити” 2:1 есебін қанағат тұтты. 13-турдағы “Хаддерсфилд Таунға” қарсы ойында Стерлинг 84-минутта командасын құтқарды. 14- турда “Этихадтағы” “Саутгемптонмен” ойында 90+6′-да  Рахим Стерлинг жеңісті жұлып алды. 15-турда “Вест Хэммен” матчта Давид Сильваның көмегі тиді (83′).

Әлсіреп жүрген “Ситидің” жағдайына Чемпиондар Лигасы нүкте қойды. Топтық кезеңнің соңғы матчында Гвардиола командасының украиналық “Шахтёрге” шамасы жетпеді.

“Манчестер  Сити” қатарынан Джон Стоунз, Бенжа мен Менди, Фабиан Делф, Венсан Компани алаңға шықпайды.

Көрсеткіштер

  • Ең алғашқы дерби 1881 жылы болды. Содан бері қос команда 174 матч өткізді. 50-інде “Манчестер Сити”, 72-сінде “Манчестер Юнайтед” жеңсе, 52 ойында тең тарқасқан.
  • “Манчестер Юнайтед” осыған дейінгі 23 ресми ойынның 18-інде жеңіске жеткен.
  • “Манчестер Сити” ресми 19 ойынның 18-інде жеңімпаз атанды.
  • “Юнайтед” өз алаңындағы 11 ойында қатарынан жеңіске жетті.

Болжам

“Манчестер Юнайтед” пен Моуринью алдағы матчқа “автобус” қоя ма? “Манчестер Сити” жеңілістен қайта жеңіске қадам баса ала ма?

“Юнайтед” осыған дейінгі жеңісті серияны жалғағысы келетіні анық. “Сити” қорғаныс пен шауылда сақ ойнауға тырысады. Чемпиондар Лигасында “Шахтермен” ойынға “қосымша құраммен” шыққан “қалалықтар”, “Юнайтедке” қарсы бір сойқанды бастағаны анық. Гвардиола шәкірттерінің “Олд-Трафордта” 2:1 есебін тіркеуі мүмкін. Жозенің “автобусына” тең ойында жетіп жатыр. Асылында, алыптар кездескенде көп голдың болмауы заңдылық. SportPortal.kz сайтының болжамы бойынша, “Манчестер Сити” жеңіске жетеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз