Eurocups: Аничич тек маңызды гол соғады!

12

Еуропа лигасы. 7 желтоқсан
6 тур. А тобы
«Славия» — «Астана» — 0:1 (Аничич, 38)

«Астана» командасының орталық қорғаушысы Марин Аничич еурокубоктардағы бесінші голын енгізді. Қызығы сол, Мариннің барлық голдары «Астана» үшін өте маңызды болды:

1. 25.11.2015 ж. Чемпиондар лигасы. Топтық турнир. «Астана» — «Бенфика» — 2:2 (Аничич, 31)
Марин бұл кездесуде есепті 2:0-ге жеткізді. Бірақ «Бенфика» бұдан кейін есепті теңестірді. Демек, Аничичтің добы «Астананың» 1 ұпай еншілеуіне мүмкіндік берді.

2-3. 20.07.2016 ж. ЧЛ ІІ іріктеу кезеңі. Қарымта матч. «Астана» — «Жальгирис» — 2:1 (Аничич, 31, 90+2)
Бұл текетірестегі алғашқы матч 0:0 есебімен аяқталған еді. Сондықтан Аничич Астанадағы кездесуде есеп ашқанда, елордалық клубқа шешуші кезеңге жол ашқандай да еді. Алайда Еливелту 57 минутта таразы басын теңестіріп, 1:1 есебі соңғы минуттарға дейін өзгермеді. Сол кезде Аничич жеңіс голын соғып,  ІІІ іріктеу кезеңіне жолдаманы жұлып әперді.

4. 24.11.2016 ж. ЕЛ. Топтық турнир. 5 тур. «Астана» — АПОЭЛ — 2:1 (Аничич, 59)
Біздің чемпиондар бұл ойында қонақтардан 31 минутта доп жіберіп алды (Ефрем, 31). Екінші таймда Аничич есепті теңестірді де, 84 минутта Деспотович жеңіс голын соқты. Сөйтіп «Астана» өз тарихында Еуропа лигасының топтық турниріндегі тұңғыш жеңісіне қол жеткізді.

5. 07.12.2017 ж. Еуропа лигасы. Топтық турнир. «Славия» — «Астана» — 0:1 (Аничич, 38)
Аничичтің бұл дәл соққысы «Астанаға» және Қазақстан клубтарына тұңғыш рет еурокубоктың плей-офф кезеңіне жолдама сыйлады!

Демек, «Астана» сапында Аничич көзге түссе, бөркімізді аспанға ата беруге болады!

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз