Футболшы қостанайлық бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды. Бұл жайында «Қостанай жаңалықтары» басылымы хабарлады. Балконнан құлаған алты жасар баланы «Тобыл» футбол клубының тәрбиеленушісі құтқарып алған. Данил Цойдың ерлігі жайлы ойыншының тәтесі хабарлаған.

«Оқиға болған күні Данил КСК ауданында тұратын әпкесінің үйінен қайтып келе жатқан. Бір кезде «Көмектесіңдер!» деген кішкене баланың дауысын естиді. 5-қабаттың балконында алты жасар бала асылып тұрады. «Мен ұзақ ұстап тұра алмаймын, құлаймын» – деген баланың сөзіне Данил: «Құла, мен сені қағып аламын» деп жауап берген» – дейді футболшының тәтесі.

Данилдің жақындарына айтқаны бойынша, бала төртінші қабатқа соғылғандықтан, аунап түскен. Соның салдарынан ойыншы баланы қолмен қағып алуға үлгермеген.

Ұстап үлгермегендіктен Данилдің қолына түскен бала ары қарай жерге құлаған. Баланың құлағанын көрген ер азамат көмекке келген. Жәрдемші мен Данил баланы қарап шыққан. Басында қимылдамаған бала, артынша қозғала бастаған. Осы уақыт аралығында оқиға орнына біраз халық жиналған. Әйелдер жедел жәрдем қызметіне хабарлаған. Данил еш сыр бермей кетіп қалған.

Біраз уақыт өткен соң Данил жедел жәрдем бөлімшесіндегі досынан баланың жағдайын сұрастырады. Досы травматология бөліміне хабарласып, Данилге мән-жайды түсіндіреді.

Данилдің тәтесінің айтуынша, футболшы бала жастан тұйық болған. Түрлі жарыстардан жүлделі орын алса да, жақындарынан түймедей нәрсені түйедей етпеуін сұрайды екен.

Бүгінде Данил 22 жаста. Vesti.kz сайтының хабарлауынша Данил Цой 2017 жылғы Қазақстан чемпионатында «Оқжетпес» сапында қорғаушы болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз