ЧЛ: бір елден бес команда шықты

4

Кеше түнде Чемпиондар лигасының топтық турнирі аяқталды.

Нәтижелер:
Манчестер Юнайтед (Англия) — ЦСКА (Ресей) — 2:1
Бенфика (Португалия) — Базель (Швейцария) — 0:2
Бавария (Германия) — ПСЖ (Франция) — 3:1
Селтик (Шотландия) — Андерлехт (Бельгия) — 0:1
Челси (Англия) — Атлетико (Испания) — 1:1
Рома (Италия) — Қарабақ (Әзербайжан) — 1:0
Барселона (Испания) — Спортинг (Португалия) — 2:0
Олимпиакос (Грекия) — Ювентус (Италия) — 0:2
Ливерпуль (Англия) — Спартак (Ресей) — 7:0
Марибор (Словения) — Севилья (Испания) — 1:1
Шахтер (Украина) — Манчестер Сити (Англия) — 2:1
Фейеноорд (Голландия) — Наполи (Италия) — 2:1
Порту (Португалия) — Монако (Франция) — 5:2
Лейпциг (Германия) — Бесіктас (Түркия) — 1:2
Реал (Мадрид, Испания) — Боруссия (Д, Германия) — 3:2
Тоттенхем (Англия) — АПОЭЛ (Кипр) — 3:0

1/8 финалға топ жеңімпаздары «Манчестер Юнайтед», ПСЖ, «Рома», «Барселона», «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Бесіктас», «Тоттенхэм» және екінші орын иелері «Базель», «Бавария», «Челси», «Ювентус», «Севилья», «Шахтер», «Порту», «Реал » жолдама алды. ЦСКА, «Селтик», «Атлетико», «Спортинг», «Спартак», «Наполи», «Лейпциг», «Боруссия» командалары көктемде Еуропа лигасының 1/16 финалында ойнайды.

Лиганың плей-офф кезеңінің жеребесі 11 желтоқсанда тартылады.

* Чемпиондар лигасының тарихында бірінше рет бір елдің 5 өкілі плей-оффқа шықты. Мұндай жетістікке ағылшын командалары жетті. «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Тоттенхэм» командалары топта жеңімпаз атанды, ал «Челси» шешуші кезеңге екінші орыннан шықты.
Бұған дейін Чемпиондар лигасының 1/8 финалына 4 команда Англиядан (6 рет), Испаниядан (2) және Германиядан (2) жолдама алған еді.

* Украина чемпионы «Шахтер» командасы «Манчестер Ситидің» 28 ойынға созылған жеңіліссіз сериясын тұжырды. Соңғы рет «қалалықтар» биылғы 23 сәуірде Англия кубогының жартылай финалында «Арсеналға» есе жіберген (1:2) еді.

* Криштиану Роналду соңғы турда «Боруссия» қақпасына доп соғып, топтық турнирдің 6 матчында да мергендік танытқан бірінші футболшы болып отыр. Роналду 6 матчта 9 гол авторы атанды. Ол АПОЭЛ-ге — 4 (сыртта — 2, үйде — 2), «Тоттенхемге» — 2 (1, 1), «Боруссияға» 3 (2, 1) доп соқты.

* «Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола жаттықтырушы ретінде Чемпиондар лигасындағы 100-мачтын өткізді.
Ол — мұндай жетістікке жеткен алтыншы маман. Гвардиолаға дейін Алекс Фергюсон, Арсен Венгер, Карло Анчелотти, Жозе Моуринью, Мирча Луческу сияқты мамандар басты клубтық турнирде кемі 100 рет тізгін қақты.

* «Боруссия» (Дортмунд) топта небары 2-ақ ұпай жинағанына қарамастан, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Бұрын-соңды мұндай нәтижемен еурокөктемге шыққан ешбір команда болған емес.
Дортмундтықтар топта АПОЭЛ-мен екі рет 1:1 есептерімен тең ойнады, басқа 4 кездесуде де «Реал» мен Тоттенхемнен» жеңілді. Бірақ доп айырмасының тәуірлігінен (-6) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алып отыр.

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз