2017: хет-трик саны — алтау

2

2017 жылғы футбол маусымының қорытындыларын жариялауды жалғастырамыз.

Хет-триктер

Биыл 6 футболшы хет-трик жасады:

Футболшы Матч Күн Тур Минут Уақыт Қақпашы
1. Алексей Щеткин («Тобыл) «Тобыл» — «Атырау» — 3:0 08.03.2017 1 14, 58, 64 51 А.Пасеченко
2. Жерар Гоу («Қайрат») «Шахтер» — «Қайрат» — 1:4 08.04.2017 5 17, 19, 65 49 И.Шацкий
3. Жуниор Кабананга («Астана») «Астана» — «Шахтер» — 4:1 28.05.2017 14 10, 19, 56 47 И.Шацкий
4. Милан Стоянович («Шахтер») «Тараз» — «Шахтер» — 2:3 21.10.2017 31 50-п, 76, 78 29 Ж.Бабаханов
5. Егон Вух («Тобыл») «Тобыл» — «Оқжетпес» — 4:1 21.10.2017 31 15, 32, 74 60 Р.Әбіжанов
6. Преслав Йорданов («Ордабасы») «Ордабасы» — «Оқжетпес» — 3:2 05.11.2017 33 51, 80, 87 37 М.Голубничий

Кестеде назар аударатын мынадай мәліметтер бар:

1.  Маусымда жасалған 6 хет-триктің үшеуіне «Шахтердің» қатысы бар. Кеншілер қақпасына 2 хет-трик енгізілді, ал қарағандылықтардың өздері (М.Стоянович) 1 хет-трик жасады.

2. «Шахтер» мен «Оқжетпес» қақпасына 2 хет-триктен енгізілді. Қарағандылық И.Шацкий 2 рет бір ойыншыдан «таяқ жесе», көкшетаулықтардан Р.Әбіжанов пен М.Голубничий қақпаны хет-триктен аман сақтай алмады.

3. М.Стоянович («Шахтер») — биылғы ең жылдам хет-трик авторы (29 минут).

4. П.Йорданов («Ордабасы») биылғы маусымда хет-трик жасаған жалғыз джокер. Ол «Ордабасы» — «Оқжетпес» кездесуінде алаңға 46 минутта шыққан еді.

5. А.Щеткин («Тобыл») биыл өзінің футболдағы тұңғыш хет-тригін жасады.

6. Ж.Кабананга («Астана») елордалықтар сапындағы алғашқы хет-тригін биыл соқты.

7. Қазақстанда өткізген 3,5 маусымында котдивуарлық шабуылшы Жерар Гоу 4 хет-трик жасады (2014 — 1, 2015 — 2, 2017 — 1).

8. М.Стоянович пен П.Йордановтың хет-триктерінің маңызы өте жоғары: олар өз командалары 0:2 есеюімен жеңіліп жатқанда 3 голдан соғып, жеңісті жұлып алды.

9. «Тобыл» ойыншылары биыл 2 хет-трик (А.Щеткин мен Е.Вух) жасады. Басқа командаларда мұндай нәтижелілік жоқ.

10. Биылғы хет-триктердің бесеуі — «тап-таза», яғни бір матчтағы 3 голды да мергендер ойын жағдайында соқты. Стоянович қана «Тараз» қақпасына алғашқы голын пенальтиден енгізді.

Соңғы 10 жылғы нәтижемен салыстырсақ, биылғы 6 хет-трик кестеде екінші-үшінші орындарды бөліседі:
1. 2009 жыл — 9 хет-трик
2-3. 2015, 2017 — 6
4-5. 2012, 2014 — 4
6-7. 2008, 2016 — 3
8-9. 2010, 2011 — 2
10. 2013 — 0

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз