13 қазан күні 27 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы өзінің екінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

«Жекпе-жек Тампе қаласында өтеді. Кездесуге бір күн қалғанда боксшылар салмақ өлшейді», — дейді боксшының менеджері Зия Алиев. 

Қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Родригес Кэйд болады. Ол кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізеді. Жекпе-жек төрт раунда болады деп жоспарлануда. Бокс кешін All Stars компаниясы ұйымдастырады. 

Ұйымдастырушылар Тамке қаласында өтетін бокс кешінде Латын Америкасындағы нөмірі бірінші кеш дейді. Жекпе-жек кешінің басты кездесуінде америкалық боксшы Дэниэл Лосано (14-4, 11 КО) мен Рикардо Родригес (16-4, 5 КО) жұдырықтасады. Бұл аталған боксшылардың екінші кездесуі. WBC FECARBOX және WBO Latino белбеулері үшін өткен бірінші жекпе-жекте төрешілердің шешімі бойынша Родригес жеңіске жеткен. 

Жекпе-жек кешінің билеттері 25 доллар тұрады. Аталған шараның басты қонағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, америкалық талантты боксшы Теофимо Лопес (6-0, 5 КО) болады. 

Еске салайық, 27 жастағы қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 29 қырүйек күні өткізіп, америкалық Эйбур Райтты (2-2, 1 КО) жеңді. 

 

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз