«Шахтер»- «Астана»(0:1) арасындағы кездесу соңында қарағандылық команда бас бапкері ойын туралы өз пікірін білдірді:

— «Астана» командасын бүгінгі жеңісімен құттықтаймын. Өкінішке қарай, дәл қазіргі уақытта «Астана» «Шахтердан» бір бас жоғары тұр. Біздің команда құрамында осы кездесуде жеңілістен бөлек бірнеше мәселелер туындап отыр. Маусымның соңғы турларындағы маңызды кездесулер алдында бірнеше ойыншылар жарақат алып қалды. Алайда, бұл жағдай басқа команда құрамындағы ойыншылар үшін мүмкіндік болары анық. Ендігі кезекте басты көтеріп алдағы кездесулерге дайындалу қажет. Күрес бүгінгі кездесумен тоқтап қалған жоқ.

Бүгін Станоевич пен Стоянович неліктен алаңға  шыққан жоқ?

— Стоянович «Атырауға» қарсы соңғы кездесуде осал ойын көрсетті. Ал Станоевичтың 3 сары қағазы бар. Сондықтан, тәуекелге бел буған жоқпыз.

— Ойынның Қарағандыда емес, Теміртауда өткеніне өкінген жоқсыз ба? Трибунадағы жанкүйер саны өте аз болды ғой…

— Станоевичен бүгінгі ойынға команданы қолдауға келген жанкүйерлерге көп алғысымды білдіремін. Мен тек, ойынның осы жаққа соңғы уақытта ауыстырылғаны үшін олардан кешірім сұраймын. Себебі, Қарағандыдағы алаңның сапасы соңғы  ауа райының қолайсыздықтарынан кейін мүлде нашарлап кетті. Ойын Қарағандыда өткенде жанкүйерлер санының көп болары анық еді. Алайда, оған алаң сапасы мүмкіндік бермеді. Бұл біздің осы маусымдағы соңғы кездесуіміз емес.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз