«Статспорт» порталы футболдан Қазақстан құрамасының 2018 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу кезеңіндегі нәтижесіне орай циклды материалдарын бастайды.

Қазақстан — Армения: 7 кездесу (1 жеңіс, 2 тең ойын, 4 жеңіліс), доп айырмасы — 6:12

Армения құрамасы – жолдастық және ресми кездесулерді қоса есептегенде, Қазақстаннан ең көп ұпай алған екінші қарсылас. Армяндар отандастарымызды 4 рет жеңіп, 2 рет тең ойнап, 14 ұпай иеленді. Осы 14 ұпайдың 7-і — ресми кездесулерде (2007 — 2:1, 2017 — 2:0 және 1:1), 7-і — жолдастық кездесулерде (2004 — 3:3, 2008 — 1:0, 2012 — 3:0).

Қазақстан құрамасынан ең көп ұпай әкеткен қарсылас — Түркия командасы. Түріктер 2006 жылғы әлем біріншілігіне, 2012 және 2016 жылғы Еуропа чемпионаттарына іріктеу кезеңдерінде Қазақстан құрамасымен 6 рет кездесіп, барлық кездесуде жеңіске жетті. Біз үшін ең ыңғайсыз қарсыластар:

Команда Ойын Ұтыс Тең ойын Жеңіліс Доп Ұпай
1. Түркия 6 6 0 0 19:2 18
2. Армения 7 4 2 1 12:6 14
3. Польша 5 4 1 0 12:3 13
4. Германия 4 4 0 0 14:1 12
5. Дания 4 4 0 0 12:3 12
6. Украина 4 4 0 0 9:3 12
7. Сирия 4 3 1 0 8:1 10

Кестеден байқағандарыңыздай, ӘЧІ-18 кезеңінде Қазақстан құрамасы осыған дейінгі ең ыңғайсыз 3 қарсыласымен (Польша, Дания, Армения) кездесіп, 6 ойында 1 ғана ұпай (Армения — 1:1) ала алды.

Дереккөз: Statsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз