Испания БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, мадридтік «Реал» Гарет Бэйлдің орнына шабуылшы іздеп жатыр. Бұрынырақта Мбаппе Бэйлдің орнына үміткер болған. Клубтың мұндай шешімге келуіне ойыншының жиі жарақат алатыны себеп.

«Реал» «Тоттенхэм» шабуылшысы Харри Кейнге 200 миллион еуро ұсынбақшы. Don Balon хабарлауы бойынша, «Реал» шабуылын күшейтуге бар күшін салады. Биылғы маусымда мадридтік клубтың ойыншылары жиі жарақат алуда. Гарет Бэйл бір ай, Бензема 4-6 аптаға жуық алаңға шықпайды.

«Тоттенхэмнің» бапкері басты ойыншыдан айырылып қалғысы келмейді. Харри Кейннің өзі де клубтан кеткісі жоқ. Сұхбаттарының бірінде ойыншы «Тоттенхэмде» өзін жақсы сезінетіндігін, командамен жетістікке жетуді қалайтынын жеткізді.

«Вест Хэмнің» бұрынғы қорғаушысы Тони Гэйлдің ойынша Харри Кейн Неймардан қымбат тұрады. «»Тоттенхэм» Кейнді сатса, жаңа алаңның шығындарын өтейтін еді. Алайда жаңа алаңда үздіктердің ойнағанын қалайды екенсің. Кейн — әлемнің ең үздік шабуылшыларының бірі. Харриді басқа клубқа сату ақымақтық дер едім. Харриге «Реал» беретіндей жалақы төлеп, жағдай жасау керек. Кейн Неймардан қымбат тұрады. Харриде ерекше қабілет бар»- дейді Гэйл.

Еске саламыз, Харри ағымдағы маусымда барлық турнирлерде 9 ойында 11 гол соқты. Чемпиондар Лигасында АПОЭЛ қақпасына хет-трик жасады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз