2017 жылдан не күтеміз ?

332

2017 жылы қазақ спортышылары қандай жарыстарда бақтарын сынамақ,олардан қандай нәтиже күтеміз деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

2017 жылдың ең басты оқиғасы елімізде өтетін 28-ші бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары болмақ.Алматы қаласында өтетін Универсиада 29-шы қаңтар күні жалауын желбіретпек.Жарыс толығымен 11 күнге жалғасады.Қысқы универсида ойындарында 12 спорт түрінен медальдар ойнатылатын болады.Универсиадаға бүкіл әлемнен 64 елдің спортшылары қатысады.Қысқы Универсиада ойындарын өткізу үшін күресте Алматы қаласы Италияның Тренто қаласын қапы қалдырған болатын.Елімізде өтетін ірі спорт жарысында студент спортшыларымыз ел артқан сенімді ақтайды деп сенеміз.

Алматыдағы қысқы Универсиада ойынары аяқтала салысымен 19-26-шы ақпан аралығында Жапонияның Саппоро қаласында қысқы Азиада ойындары өтеді.Саппоро қаласы қысқы Азиада ойындарын өз тарихында үшінші рет қабылдағалы отыр.Ал Жапония елі қысқы азиада ойындарын төртінші рет қабылдамақ.2015 жылы өту керек қысқы Азиада ойындарын Азиялық Олимпиада ассамблеясының кеңесі 2017 жылға ауыстыруға шешім қабылдаған.Саппоро қаласында өтетін қысқы Азиада ойынарында 11 спорт түрінен мықтылар анықталатын болады.Соңғы қысқы Азиада ойындары 2011 жылы Астана және Алматы қалаларында өткен болатын.Елімізде өткен қысқы Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы 32 алтын,21 күміс және 17 қола медаль иеленіп рекорд орнатқан болатын.Саппоро қаласындағы сегізінші қысқы Азиада ойындарында қазақсатандық спортшылар кезекті рет Азия елдерінің ішінде үздік екендігімізді дәлелдейді деген үміттеміз.

2017 жылы 29-наурызбен 2-ші сәуір күндері аралығында мәнерлеп сырғанаудан Финляндия астанасы Хельсинки қаласында әлем чемпионаты өтеді.Хельсинкида өтетін әлем чемпионатында отандастарымыз Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаеваға үлкен сенім артамыз.2015 жылы өткен әлем чемпионатында Денис Тен ерлер арасындағы жарыста қола медальға қол жеткіген болатын.Хельсинкидағы әлем чемпионаты да қазақ елі үшін есте қалардай нәтиже алып келеді деп ойлаймыз.

  

2017 жылы шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионында өнер көрсететін болады.2016 жылға әлем чемпионатының элит дивизионында сәтсіз өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы бірінші дивизионға түсіп кеткен болатын.Әлем чемпионатының бірінші дивизионында алты құрама өнер көрсетеді.Украина астанасы Киев қаласында Венгрия,Австрия,Польша,Корея республикасы,Украина және Қазақстан құрамалары  өзара мықтыны анықтайтын болады.Жарыс 22-29 сәуір күндері өтеді.Жарыс қорытындысы бойынша топта бірінші орын алған құрама элит дивизионға жолдама алады.

Ал енді қысқы спорт түрелерінен басқа спорт түрлері жайлы айтатын болсақ.2017 жылы  әуесқой бокстан ерлер арсындағы 19-шы әлем чемпионаты Германияның Гамбург қаласында өтетін болады.2015 жылы Катар астанасы Дохада өткен әлем чемпионатынды құрамамыз қос күмісті қанағат тұтқан болатын.Дохада кеткен есемізді ұлттық құрамамыз Гамбургта қайтарады деп сенеміз.Әлем чемпионатының алтын медальдарына басты үміткер құрама капитаны Данияр Елеусінов пен Олимпиаданың күміс жүлдегерлері Әділбек Ниязымбетов және Василий Левит болып саналады.

14-30-шы шілде аралығында Венгрия астанасы Будапештте су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтеді.Су спорты түрлерінен Қазақстан құрамасы мықтылар қатарында ешқашан болмаған.2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысында бүкіл әлемді таңқалдырып отандасымыз Дмитрий Баландин алтыннан алқа тағынған болатын.Қазақстан құрамасының жүзу спортынан қазіргі кездегі басты үміті дәл осы Дмитрий Баландин болып табылады.

2017 жылдың 19-30-шы тамыз аралығында Тайвнь елінің Тайбэй қаласында бүкіләлемдік жазғы Универсиада ойындары алауын тұтатады.Жазғы универсиада ойындарында 21 спорт түрінен студент спортышлар мықтыларды анықтайтын болады. Олар:теннис,үстел теннисі,гольф,дзюдо,волейбол,жеңіл атлетика,бейсбол,баскетбол,ушу,гимнастика,жүзу және тағы басқа спорт түрлері .

2017 жылы футболдан Қазақстан премьер лигасының да кезекті маусымы басталады.Жаңа маусымда ҚПЛ жаңа форматта өткізілетін болады.ҚПЛ енді үш кезеңнен тұрады,командалар саны өзгеріске ұшырамады.2017 жылы Астана футбол клубы Еуропа чемпионадр лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастап өнер көрсетеді.Ал “Қайрат”,”Ертіс” және “Ордабасы” футбол клубтары Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінен бастап бақтарын сынап көреді.Жаңа маусымда Қазақстан пемьер лигасы ойындары қызықты да тартысты футболға толы болады деген үміттеміз.

Ұлттық құрамамыз 2017 жылы әлем чемпионатына іріктеудің топтық кезеңінде өнер көрсетуін жалғастырады.Келесі жылы Қазақстан құрамасына топтық кезең аясында алты кездесу өткізу жоспарланған.Талғат Маруанұлының шәкірттері 2017 жылы жанкүйерлерге көбірек жеңіс сыйлайды деп сенеміз.

Міне 2017 жылы осындай әлемдік деңгейдегі ірі спорт жарыстарында спортшыларымыз ел үмітін ақтауға тырысады.Келе жатқан 2017 жыл қазақ спортына табысты жыл болуын тілейміз!

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз