Ронда Роузи 48 секундта жеңіліп қалды

50

Американдық ережесіз жекпе-жек шебері Ронда Роузи UFC 207 турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық Аманда Нуньеске есе жіберді.Кездесу небәрі 48 секундқа жалғасты.

Аманда Нуньес кездесу бастала салысымен шабуылға ұмтылды.Нуньестің шабуылдары өте сәтті өтіп жатты.Нуньестің дәл соққылары Ронда Роузиды есеңгіретіп жіберді.48 секунд бойы ауыр соққылар алған Ронда Роузи қарсыласына ешқандай қарсыластық танытпады.Кездесудің 48-ші секундында төреші араласып, жекпе-жекті тоқтатты.Аманда Нуньес жекпе-жекті толықтай басымдықпен жеңді.Бразилиялық Нуньес өзінің UFC титулын сақтап қалды.

29 жасар Ронда Роузи соңғы кездесуін 2015 жылы желтоқсан айында Холли Холмға қарсы өткізген.Холли Холмға жеңілгеннен кейін Ронда Роузи араға бір жыл салып октагонға қайта оралды.Октагонға қайта оралуы өкінішке орай сәтсіз басталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз