2016-шы жылғы футбол әлеміне қорытынды

185

2016-шы жылы футбол әлемінде көптеген жаңалықтар мен өзгерістер орын алды.

Ең бірінші 2016-шы жылғы ұлт футболын қорытындыласақ.Ел чемпионатында барлығы күткендей “Астана” және “Қайрат” футбол клубтары   чемпиондыққа    таласты.Астаналықтар 2016-шы жылғы маусымда тек қана ел чемпионатын жеңіп қоймай, ел кубогының иегерлері де атанды.Астана футбол клубы екінші жыл қатарынан еурокубоктарда өнер көрсетті.Ешкім күтпеген “Тараз” және “Жетісу” футбол клубтары ұшып кетті. Маусым басында аутсайдерлер саналған Ақжайық футбол клубы ҚПЛ-дағы орындарын сақтап қалды.

Ұлттық құрамамыз 2016-шы жылы сегіз кездесу өткізді.Соның екеуінде жеңіске жетіп,үшеуін жеңіліп, үш кездесуде тең тарқасқан. Талғат Маруанұлының шәкірттері әзірге Әлем чемпионатының іріктеуінің топтық кезеңінде өз топтарында ең соңғы орынға жайғасқан.2017-ші жылы отандық бапкер баптайтын ұлттық құрамадан тек жақсы нәтижелер күтеміз.

2016-шы жылы Еуропадағы ең үлкен сенсация тұманды альбионда орын алды.”Лестер” футбол клубы өз тарихында тұңғыш рет АПЛ чемпионадры атанды.Клаудио Раньери шәкірттері ешкім күтпеген нәтижеге қол еткізді.Футболда ең басты ақша емес екендігін лестерлық футболшылар толығымен бүкіл әлемге дәлелдеді десек артық айтпаспыз.Ал өзге еуропа біріншіліктерінде таң қалатындай сенсациялар орын алмады.Германияда төртінші рет қатарынан “Бавария” чемпион атанды.Әзірге бундеслигада мюнхендік футбол клубына қарсы тұрар лайықты команда жоқ.Италияның А сериясында Ювентус ешкімге дес бермей бесінші рет қатарынан жеңіске жетті.Францияда париждік “ПСЖ” төртінші рет қатарынан чемпиондық атаққа қол жеткізді. Франция біріншілігінде де париждықтарға бәсекелес болар футбол клубы әзірге табылмай тұр.Ал Испания біріншілігінде “Барселона” екінші рет қатарынан Ла Лига чемпионадары болды. 2016-шы жыл Ағылшын преьер лиасынан басқа еуропа біріншіліктеріне анау айтқан өзгеріс әкелмеді.

Еурокубоктарда Испанияның футбол клубтары ерлеп тұр. УЕФА Чемпионадар лигасында  мадридтық “Реал” өз тарихындағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді. “Реал” футбол клубы жеңісті жолында көптеген командаларды қапы қалдырды.Финлдық матчта “Реал” мадридтық “Атлетикодан” матч соңындағы 11 метрлік пенальти сериясында басым түсті. Еуропа лигасында да испаниялық команда жеңіске жетті.”Севилья” үшінші жыл қатарынан Еуропа лигасында жеңіске жетті.

 

 

Төрт жылда бір өтетін Еуропа чемпионаты 2016-шы жылы Францияда өткен болатын.Еуропа чемпионаты да сенсациясыз болмады.Еуропа чемпионатында бүкіл әлемді таң қалдырып “Португалия” құрамасы чемпион атанды. Финалдық кездесуде португалиялықтар жарыс қожайындары француздарды 1:0 есебімен тізе бүктірді.

2016-шы жылы кезектен тыс Америка кубогы өткізілді.Кезектен тыс өту себебі Оңтүстік Америка футбол конфедерациясына 100 жыл толуы болатын. Кезектен тыс өткізілген Америка кубогында “Чили” құрамасы топ жарды.Финалдық кездесуде чилилықтар Лионель Месси бастаған “Аргентина” құрамасынан басым түсті.

“Чили” құрамасы 2017-ші  жылы Ресейде өтетін Конфедерация кубогында Америка кубогы иегерлері ретінде қатысатын болады.

2016-шы жыл қорытындысы бойынша “France Football” басылымы анықтайтын алтын доп иегері “Реал Мадрид” футбол кулубының португалиялық  жартылай қорғаушысы  Криштиану Роналду атанды.Криштиану Роналду оған дейін 2016-шы жыл қортындысы бойынша Еуропаның үздік ойыншысы атанған болатын.Өткен маусымда португалиялық футболшы бүкіл жарыстарда 56 гол соғып, 17 нәтижелі пас беріп, 4 сарыз қағаз алаған. Сөзсіз 2016-шы жылдың үздік ойыншысы атағына лайық десек болады.

Міне 2016-шы жылғы футбол маусымы осындай қызықтармен есте қалды. Келесі 2017-ші жыл да бізге тартысыты да қызықты футбол сыйлайды деп сенеміз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз