АПЛ-дағы бас бапкерлердің қол сағаттары қанша тұрады ?

59

The Sun басылымының хабарлауынша Ағылшын премьер лигасындағы бас бапкерлердің ішіндегі ең қымбат қол сағатын “Бёрнли” футбол клубынын бас бапкері Шон Дайч тағып жүр. Patek Phillippe компаниясы ұсынған қол сағатының бағасы 45,000 фунт стерлингты құрайды.Екінші орында “Эвертонның” бас бапкері Рональд Куман 35,850 фунт стерлинг тұратын қол сағатымен жайғасқан. Үздік үштікті “Сандерленд” футбол клубының бас бапкері Дэвид Мойес түйіндеп тұр.Мойестың қол сағаты 30,000 фунт стерлинг тұрады. Ал ең арзан қол сағаты жақында ғана қызметінен босатылған “Суонси” футбол клубының бас бапкері американдық жаттықтырушы Боб Брэдлиға тиеслі екен. Боб Брэдлидың қол сағаты небәрі 40 фунт стерлингке бағаланады.

Басқа да бас бапкерлердің қол сағатының бағалары төмендегідей:

1.Шон Дайч (Бёрнли) – 75,000 фунт стерлинг

2.Рональд Куман (Эвертон) – 35,850 фунт стерлинг

3.Дэвид Мойес (Сандерленд” – 30,000 фунт стерлинг

4.Сэм Эллардайс (Кристал Пэлас) – 27,700 фунт стерлинг

5.Жозе Моуриньо (Манчестер Юнайтед) – 25,000 фунт стерлинг

6.Тони Пьюлис (Вест Бромвич) – 15,950 фунт стерлинг

7. Антонио Конте (Челси) – 10,000 фунт стерлинг

8.Айтор Каранка (Мидлсбро) – 10,000 фунт стерлинг

9.Майк Фелан (Халл Сити) – 8,900 фунт стерлинг

10.Маурисио Почеттино (Тоттенхэм) – 8,350 фунт стерлинг

11.Арсен Венгер (Арсенал) – 8,350 фунт стерлинг

12.Клауде Пуэль (Саутгемптон) – 7,900 фунт стерлинг

13.Славен Билич (Вест Хэм) – 6,000 фунт стерлинг

14.Юрген Клопп (Ливерпуь) – 4,000 фунт стерлинг

15.Вальтер Маццари (Уотфорд) – 4,000 фунт стерлинг

16.Клаудио Раньери (Лестер) – 4,000 фунт стерлинг

17.Пеп Гвардиола (Манчетер Сити) – 1,900 фунт стерлинг

18.Эдди Хоу (Борнмут) – 399 фунт стерлинг

19.Марк Хьюз (Сток Сити) – 339 фунт стерлинг

20.Боб Брэдли (Суонси) – 40 фунт стерлинг

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз