“Челси” аңыздарын қайтара ма?

44

Лондондық “Челси” клубының экс-жартылай қорғаушысы Фрэнк Лэмпард карьерасын өзінің сүйікті клубында аяқтауды қалайды. Ол қазір мұхиттың арғы жағындағы “Нью-Йорк Сити” командасының ойыншысы. Лэмпард лондондық клубта 13 маусымда 648 матч өткізген ардагер футболшылардың бірі.

Фрэнк Лэмпард “Нью-Йорк Ситиден” кеткеннен кейін, карьерасын аяқтауды жоспарламаған. 38 жастағы ағылшын футболшысы клубтық карьерасын Европада және сүйікті клубы “Челси” қатарында бітіргісі келеді.

Бұған дейін “Челси” басшылығы Лэмпардқа клуб құрамында жұмыс істеуге ұсыныс жасауға дайын екендігін мәлімдеген.

Лэмпард карьерасын 1994/95 жылы “Вест Хэм Юнайтед” жастар клубынан бастаған. 2001 жылы лондондық “Челси” клубына ауысады. 2001/02 – 2013/14 маусым аралығында “Челсида” 648 матч өткізіп, 211 гол соққан.

Клубтағы жетістіктері:

  • Премьер-лиг чемпионы (3): 2004/05, 2005/06, 2009/10;
  • Англия кубогының иегері (4): 2007, 2009, 2010, 2012;
  • Англия Суперкубогының иегері (2): 2005, 2009;
  • УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы: 2012;
  • УЕФА Европа лигасының жеңімпазы: 2013 ж.

Сонымен қатар, лондондық клубта 1998/99 жылғы маусымнан бастап ойнап келген Джон Терримен  келісім шартының аяқталу уақыты таяп келеді. Келісім шарт уақыты 2017 жылдың жазына дейін. Егер капитан футболшы ретінде карьерасын аяқтайтын болса, клуб басшылығы екі аңызын бапкерлік құрамға қайтаруы мүмкін.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз